• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:33:00
Алматы
+35°

20 Наурыз, 2019 Саясат

Парламент мүшелері Нұрсұлтан Назарбаевты қалай шығарып салды? (видео)

Зал төріне бірінші шақырылған Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа депутаттар ұзақ қол соқты.

Бүгін бұрынғы Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің үйінде ант қабылдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

♦Қасым-Жомарт Тоқаев Президент өкілеттігін қабылдап алды

Зал төріне бірінші шақырылған Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа депутаттар ұзақ қол соқты. Тіпті Елбасын қимаған кей депутаттардың көңілі босап та кетті. Артынша жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаев шығып, президенттің міндетін адал атқаруға ант берді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаеқа алғыс білдіре отырып, өзінің алғашқы ұсыныстарын да айтты. Олар: Астана қаласының әрі Қазақстандағы орталық, негізгі көшелердің атауын Нұсрұлтан Назарбаев етіп өзгерту; Бас қалаға Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін орнату; Назарбаевтың портреттерін орнында қалдыру. Бұған қоса Назарбаевқа Халық қаһарманы атағын табыс етті.

♦Тоқаев Назарбаевқа Халық қаһарманы атағын берді

Мәжіліс отырысы аяқталған соң депутаттар тұңыш президентке тағы ұзақ қол соқты. Сол сәттен видеоны оқырман назарына ұсынбақпыз.

♦Бекболат Тілеухан: Мен өзімді Нұрсұлтан қаласының тұрғыны ретінде сезініп жүргем

♦Гүлжан Қарағұсова Назарбаевтың отставкасы туралы: Болатыны болды...

Айта кетейік, 19 наурызда сағат 19:00-де Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтататыны туралы үндеу жариялаған. Өзінің өкілеттігін Елбасы Сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстады.

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір