• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:09:13
Алматы
+35°

28 Қараша, 2018

Параллелді өмір: Түрік фотографы жер мен көктей әлемді бір суретке тоғыстырды (фото)

Шынайы жанашырлық қасіретке ұшыраған адамның орнына өзіңді қойған кезде ғана басталады...

"Қасіретке ұшыраған адамның орнына өзіңді қойған кезде ғана шынайы жанашырлық басталады", -  дейді Лев Толстой. Түрік фотографы Угур Галленнің шығармашылығы осы сөзді айқындап, аша түседі. Ол өз шығармашылығы арқылы екі әлемнің екі түрлі көрінісін бір суретке тоғыстырып, ғаламда болып жатқан проблеманы көтере білді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Угур Галлен өзінің шығармашылық суреттерін инстаграм парақшасына жариялады.

«Бейкүнә адамдардың өліміне себепкер болған қатыгез соғысты бақылап тұрып, адамзат «Үйде де әлемде де бейбітшілік орнасын» деген Мұстафа Ататүріктің айтқанындай өмір сүрсе екен деп ойлайсың», - дейді фотограф.

«Менің туған жерім әлемдегі ең қауіпті мекенге жақын орналасқан. Мен біз үйреніп қалған қарапайым өмір мен соғыс болып жатқан аймақ тұрғындарының өмірі арасындағы жер мен көктей айырмашылықты байқайтынмын. Кейін екі бөлек әлемнің арақашықтығын жақындатып, адамзатқа ой салуды ойлап, бір суретке сыйғыздым», - дейді фотограф.

Ескерту: Суреттерде зорлық-зомбылық пен қатыгез көріністер бар. 

Угур Галлен

ugur gallen

ugur gallen

ugur gallen

ugur gallen

ugur gallen

Оң жақтағы сурет әлемге танымал суреттердің бірі. Бұл - Суданда болған оқиға. Аштықтан өлгелі жатқан қызды жыртқыш құс бақылап тұр. Осы сәтке куә болған фотограф бірден фотоаппаратын қолына алып, суретке түсіріп алады. Ал әлгі шынашақтай қыздың тірі, не өлі екенін ешкім білмейді. Тіпті суретке түсірген Картердің де хабары жоқ. Фотограф бұл сурет үшін арнайы марапат та алған. Кейін әлемдік БАҚ Картерді сынға алғаннан кейін фотограф өз-өзіне қол жұмсады.

ugur gallen

ugur gallen

ugur gallen

ugur gallen

ugur gallen

ugur gallen

ugur gallen

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір