• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:24:38
Алматы
+35°

25 Ақпан, 2019 Саясат

Папинді даттамай, Маминді - төрге шығару рәсімі

Сағынтаев қазақша сөйлетін , Маминде солай болар!?

Мамин Премьер - министр қызметінде алдымен Жаңаөзен дүрбелеңін бейбіт жолмен ымыраластыру жолын іздейді.

Маңғыстауда өндірістің әртараптануы төмен - барлық  өндіріс шикізатқа негізделген; мұнай - газ бен ұраннан басқа минералдық шикізаттан олар шыға алған жоқ. Екінші жағдай,  халық саны тым тез өсуде - табиғи өсімге иммигрант қазақтар қосылып Қарақалпақстаннан және Түркменстан келіп жатыр.  Қалалар аз уақытта поселкеден шағын қалаға, одан кейін  орта қалаға айналып, инфрақұрылым тапшылығын тудырады. Маңғыстауда ауыл шаруашылық егіншілік жоқ. Бұл диверсификациялық мәселелерді ушықтырады. Маңғыстаулықтардың біразын Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстанға көшуге үгіттемесе  болмайды. Бұл өлкелер соңғы он -он бес жылда босап қалды. Ал  Әлеуметтік инфрақұрылым артта қалып келеді. Мамин, екіншіден, жекешеліндіру мәселесімен бетпе бет келеді. Инвестордың біразы  "Самұрық Қазына" тендер арқылы меншік иеленсе де қосымша инвестицияны оперативті түрде әкеле алмайды. Инвестиция уақыт керек етеді. Маңғыстау өлкесінде еңбекқол тым артық,   бірақ қазақ- өзбек емес, қазақ басын изеп,  Ресейден жұмыс іздегенді құп көрмейді. Сонымен Мамин Маңғыстаудағы жағдаймен таныс, оған  уақыт керек, мұнай иелерінің мөлшері - 40%, Қытай, өзіміздің инвесторлар да жұмысшылардың талабын орындауға, көлемді қаржы - шығын жасауға оңайлықпен көнбейді. Біздің мемлекеттің премьері техникалық функцияның қызметін атқарады, аләр мәселенің шешілуі Президенттің араласуын талап етеді. Сонымен оперативтік тапсырмадан басқа- стратегиялық мақсатты шешу керек. Ол ауыл шаруашылығына қатысты. Ол Қазақстандағы ірі жер меншігін шектеу және  жер иелігін фермерлік шаруаларға беріп, жерді нарықтық айналымға салып, кепілдікі-кредит жүйесін дамыту. Қазақ \70 пайызға жетті, енді ірі жер латифундистердің меншігін шектеп, қазақтың жерін қазақтан қызғанбай - жеке меншікке негізделген фермерлік шаруашылықты дамытатын кез келді. Бұл жұмыс күрделі, аз дегенде бес жыл уақытты керек етеді.

Сағынтаев қазақша сөйлейтін , Мамин де солай болар!?

Әзімбай Ғали

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір