• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:12:18
Алматы
+35°

22 Қыркүйек, 2016 NEWS

Өзбекстанның жаңа президенті басшыларды қызметінен қуа бастады

Өзбекстан президенті міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеев Джизак қаласының басшысын және Джизак облысының кейбір аудандарының басшыларын жұмыстан шығарды....

Өзбекстан президенті міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеев Джизак қаласының басшысын және Джизак облысының кейбір аудандарының басшыларын жұмыстан шығарды. Бұл туралы республика президентінің сайтында хабарланып отыр,- деп хабарлайды Qamshy.kz Tenrginews.kz-ке сілтеме жасап.

Мирзиеев 16 қыркүйекте жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысымен танысу мақсатында Джизак облысына барған. "Сол күні Джизак қалалық халық депутаттарының кеңесі өтті. Онда жұмыстағы шалалықтары үшін Джизак қаласының хокимі Асрор Кобилов қызметінен кетті. Мирзиеев Абдукаххар Тухтаевты әкім етіп тағайындады", - делінген хабарламада.  

Сонымен қатар, президенттің баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, қызметтегі қателіктері мен шалалықтары үшін Джизак облысының прокуроры, сонымен қатар, бірқатар ауданның хокимдері жұмыстан шығарылыпты. Олардың орнына жаңа шенеуніктер тағайындалып та қойыпты. 

Еске салайық, 2 қыркүйекте 78 жасында Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болған еді. Кейін Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президентінің міндетін уақытқа атқарушы болып тағайындалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір