• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 23:01:29
+35°

07 Маусым, 2017 NEWS

Өзбекстанға қыдырып барған отандасымыз қамауға алынды

Семей тұрғыны Өзбек түрмесінде қамауда жатыр, деп хабарлайды

Семей тұрғыны Өзбек түрмесінде қамауда жатыр, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі КТК Арнасының мәліметіне сүйеніп.  Отандасымыз Виталий Ненченко көрші елдегі туыстарына бармақ болған көрінеді. Алайда оның ұялы телефонының ішіндегі бейнеролик өзбек полициясының күдігін тудырған. Ал зар қақан жақындары оның тіпті қандай ролик болғанын біле алмай дал. Тек, Виталий Ненченконың 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін, сондағы қорғаушыларынан біліпті.

Виталий Ненченко демалысында отбасымен бірге Ташкент- Самарқанд- Бұқарада тұратын туыстарын араламақ болған. Алайда, шекарадан өте сала өзбек құзырлы орындарының көзіне түсіпті. Ұялы телефонын тексерген «Келес» станциясындағы полицейлер сол жерде жібергенімен, кейін қолына кісен салған. Оған себеп, WhatsApp месенджері арқылы келген екі бейнеролик көрінеді. Ал, жарының айтуынша, өзі мұны көрмек түгелі, жүктеп те үлгермеген.

Тамила Бекшенева, Виталий Ненченконың жұбайы:

-Біз 5 күн емін-еркін жүрдік. Виталийге түсініктеме жаздырып жіберген болатын. Сөйтіп, Самарқанд пен Бұқараны түгел араладық. Егер кінәсі болса, қашып кетуімізге болатын еді ғой. Біраз күннен соң жолдасымды шақырды. Прокурормен сөйлессе керек, 28-ші мамыр күні бірден маған қоңырау шалып, қорғаушы тауып келуімді сұрады.

Отандасымыздың осындай айыппен көрші елде қамауда жатқанына екі аптаға жуық уақыт болды. Ал, оның амандығын біле алмаған жақындары не істерін білмей дал. Тек, Виталийге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы сондағы қорғаушыларынан естіпті.

Юлия Медведева, Виталий Ненченконың қарындасы:

-Онда ешқандай экстремистік бағыт жоқ. Өзі дінге де сондай берілмейтін. Тіпті, 37 жасына дейін қылмыстық тұрмақ, әкімшілік жауапкершілікке де тартылмаған болатын.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі, бұл істі Өзбекстандағы елшілік бақылауға алғанын жеткізді. Алайда, Виталийдің жағдайы әзірге белгісіз көрінеді.

Естеріңізге салсақ, 5 жыл бұрын тағы бір отандасымыз өзбек түрмесіне қамалған болатын. Оның да қолындағы нетбугынан күдікті видео табылып, экстремистік уағыз жүргізді деген айыппен ақыры 5 жылға сотталды. Виталий Ненченконың жақындары да енді осылай 10 жылға дейін сотталып кетеді деп үрейленіп отыр.

Шолушы: Айгерім ТАУБАЙ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір