• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:32:21
Алматы
+35°

09 Ақпан, 2018 Оқиғалар

Өзбекстанда күйеу жігіт қалыңдығын арзан жасауы үшін тастап кетті (видео)

Өзбекстанда күйеу жігіт тойдың алдында қалыңдығынан арзан жасауы үшін бас тартты.

Өзбекстанда күйеу жігіт тойдың алдында қалыңдығынан арзан жасауы үшін бас тартты. Бұл оқиға өзбекстандық «Ешлар» телеарнасынан көрсетілді, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Nur.uz-ға сүйеніп жазады. 

Өзбекстанның батысындағы Новои қаласында жас жігіт қалыңдықтың жасауын көргенде одан бас тартты. Артынша берген сұхбатында жігіт үйленгелі отырған қыздың артынан келетін дүниенің бағалырақ болуын күткенін айтты.

-Қыздың отбасы айтарлықтай дәулетті және жасауын түрікше заттардан жинап береді деп үміттенгенмін. Ал олар болса, жергілікті гиждувандық базардан арзан заттарды алып келмекші болған. Мен оның артынан келетін дүниенің бағалы болуын күттім,-деді күйеу жігіт.

Жігіттің өкпесі айтылған видео тағаннан соң Ташкенттің бас имамы Анвар-кори Турсунов күйеу жігіттің қалыңдықтан ештеңе күтпеуі керектігін түсіндірді.

Өзбекстанда мұндай оқиғалар жиі кездесіп тұрады. Материалдық жағдайдың төмендігінен тек тойлар ғана емес, қалыптасқан шаңырақтар да шайқалып отырады. Сол үшін соңғы уақытта елде некеге тұру рәсімі қиындатылды және отбасын құруға бел буғандар отбасылық өмірдің негізі туралы білуі міндеттелген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір