• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:08:36
Алматы
+35°

08 Тамыз, 2017 Әлеумет

Өзбекстан президенті жаңа резиденцияға көшті: Ғимарат несімен ерекшеленеді?

Жаңа резиденция Ташкент облысының табиғаты көркем аумағында, Чирчик өзенінің жағалауындағы Кибрай ауданы Байтқорған ауылы Кангли көшесінде орналасқан.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 60 жасқа толған шағында Байтқорған ауылындағы жаңа резиденцияға көшті. Бұл туралы Өзбекстан Азаттық редакциясы хабарлады.

Шавкат Мирзиеевтің жаңа резиденциясы Ташкент облысының табиғаты көркем аумағында, Чирчик өзенінің жағалауындағы Кибрай ауданы Байтқорған ауылы Кангли көшесінде орналасқан.

Кибрай ауданының шенеунігі (есімі берілмеген) мәлім еткендей, резиденцияның құрылысын президент әкімшілігінің басшысы Ойбек Тұрсынов басқарады. Ал Ойбек Тұрсынов – Шавкат Мирзиеевтің күйеу баласы.

Радио Озодлик порталының мәліметіне сүйенсек, резиденцияның ашылу рәсімі 24 шілде күні, яғни Шавкат Мирзиеевтің туған күніне сәйкес келеді. Байтқорған ауылының тұрғындары сол күні резиденцияға жақын аумақта отшашу болғанын айтты.

Резиденция қызметкерлерінің айтуынша, іс шара барысында Өзбекстан президентінің туған күніне орай Ресейден бірнеше жұлдыздар шақырылған. Резиденцияның құрылысы жүріп жатқан аймақ 4 метр биіктіктегі қабырғамен қоршалған. Репортердің айтуынша, резиденцияның құрылысы басталмай жатып Байтқорған аулында ондаған үй қиратылған, көшелер кеңейіп, айналасына аршалар егілді.

Жаңа резиденция Мирзиеевтің жұмыс орнынан 26,5 шақырым қашықтықта орналасқан.

Озодлик Радиосының мәліметінше, резиденцияның құрылысына атсалысқан инженер құрылысқа ең қымбат әрі эксклюзивті құрылыс материалдарының кеткенін айтты:

«Резиденцияның ішкі бөлігі Аргентинадан әкелінген мәрмәр тастармен көмкерілген. Бір шаршы метрі 500 доллар тұрады. Сондай-ақ Swarovski кристалдары пайдаланылған. Ғимарат ең соңғы үлгіде әсемделген», – деді инженер журналиспен тілдесу барысында. Тіпті,ірі мәрмәр тастарды тікұшақпен тасыған көрінеді.

Резиденция құрылысы басталмай жатып, аулдың бірнеше үйі қиратылған. Бұл процесске ауыл тұрғындары әсте наразы болды. Себебі Байтқорғанда үйлер жиі қиратылады. Алайда жаңа үйлер берілмеген. Тұрғындар әкімшілікке арыз түсіргенімен, нәтижесі байқала қоймады. Байтқорғандықтар құрылыс салдарынан шығатын шу мен қоршалған қабырғаға наразы екендерін жеткізген.

Кибрай ауданы әкімшілігінің хабарлауынша, резиденция үшін қиратылған үйдің шығыны ретінде қыркүйекте тұрғындарға коттедждердің кілті табысталады.

Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімовтің қазасынан кейін оған тиесілі «Оксарай» резиденциясы мен «Куксарой» және «Дурмень» қала сыртындағы резиденциялар босап қалған.

Шавкат Мирзиеев президент болып сайланған соң «Оксарай» резиденциясына көшуді ойламаған. Сенат ғиамаратында жұмыс істеп келді. Ташкенттегі Карасув-2 тұрғын үй кешенінде тұрды. 24 шілдеден бастап Өзбекстан президенті Байтқорған ауылындағы жаңа резиденцияда тұрады.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 60 жасқа толған шағында Байтқорған ауылындағы жаңа резиденцияға көшті. Бұл туралы Өзбекстан Азаттық редакциясы хабарлады.

Шавкат Мирзиеевтің жаңа резиденциясы Ташкент облысының табиғаты көркем аумағында, Чирчик өзенінің жағалауындағы Кибрай ауданы Батқорған ауылы Кангли көшесінде орналасқан.

Кибрай ауданының шенеунігі (есімі берілмеген) мәлім еткендей, резиденцияның құрылысын президент әкімшілігінің басшысы Ойбек Тұрсынов басқарады. Ал Ойбек Тұрсынов – Шавкат Мирзиеевтің күйеу баласы.

Радио Озодлик порталының мәліметіне сүйенсек, резиденцияның ашылу рәсімі 24 шілде күні, яғни Шавкат Мирзиеевтің туған күніне сәйкес келеді. Байтқорған ауылының тұрғындары сол күні резиденцияға жақын аумақта отшашу болғанын айтты.

Резиденция қызметкерлерінің айтуынша, іс-шара барысында Өзбекстан президентінің туған күніне орай Ресейден бірнеше жұлдыздар шақырылған. Резиденцияның құрылысы жүріп жатқан аймақ 4 метр биіктіктегі қабырғамен қоршалған. Репортердің айтуынша, резиденцияның құрылысы басталмай жатып Байтқорған аулында ондаған үй қиратылған, көшелер кеңейіп, айналасына аршалар егілді.

Жаңа резиденция Мирзиеевтің жұмыс орнынан 26,5 шақырым қашықтықта орналасқан.

Озодлик Радиосының мәліметінше, резиденцияның құрылысына атсалысқан инженер құрылысқа ең қымбат әрі эксклюзивті құрылыс материалдарының кеткенін айтты:

«Резиденцияның ішкі бөлігі Аргентинадан әкелінген мәрмәр тастармен көмкерілген. Бір шаршы метрі 500 доллар тұрады. Сондай-ақ Swarovski кристалдары пайдаланылған. Ғимарат ең соңғы үлгіде әсемделген», – деді инженер журналиспен тілдесу барысында. Тіпті, ірі мәрмәр тастарды тікұшақпен тасыған көрінеді.

Резиденция құрылысы басталмай жатып, ауылдың бірнеше үйі қиратылған. Бұл процеске ауыл тұрғындары әсте наразы болды. Себебі Байтқорғанда үйлер жиі қиратылады. Алайда жаңа үйлер берілмеген. Тұрғындар әкімшілікке арыз түсіргенімен, нәтижесі байқала қоймады. Байтқорғандықтар құрылыс салдарынан шығатын шу мен қоршалған қабырғаға наразы екендерін жеткізген.

Кибрай ауданы әкімшілігінің хабарлауынша, резиденция үшін қиратылған үйдің шығыны ретінде қыркүйекте тұрғындарға коттедждердің кілті табысталады.

Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімовтің қазасынан кейін оған тиесілі «Оксарай» резиденциясы мен «Куксарой» және «Дурмень» қала сыртындағы резиденциялары бүгінде қаңырап тұр.

Шавкат Мирзиеев президент болып сайланған соң «Оксарай» резиденциясына көшуді ойламаған. Сенат ғимаратында жұмыс істеп келді. Ташкенттегі Карасув-2 тұрғын үй кешенінде тұрды. 24 шілдеден бастап Өзбекстан президенті Байтқорған ауылындағы жаңа резиденцияда тұрады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір