• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:43:27
Алматы
+35°

29 Желтоқсан, 2018 Экономика

– «Шавкат Мирзиёев Өзбекстанның басшылығына келгеннен бері жағдай мүлдем өзгерді. Ондағы ел халқының саны 33 миллионды құрады. Бұл, біздің Орталық Азиядағы ең ірі мемлекет болып саналады. Осы елмен қарым-қатынасты тереңдету біз үшін аса қажет. Көршімен байланысты нығайтпай қалай өмір сүруге болады?! Экономикалық тұрғыда пайдалы, алысқа тасымалдаудың қажеті жоқ. 1 млрд АҚШ долларға жетпей жүрген сауда-саттығымыз биыл 3 миллиард болады.

Биыл сауда көлемі 42 пайызға артты. Біз алдағы уақытта мұны 5 миллиард АҚШ долларына жеткізу мақсатын қойып отырмыз.

Қазақстан мен Қытай арасында «Қорғас» атты үлкен кешен салынып жатқанын білесіздер. Сондай кешен Өзбекстан мен Қазақстан арасында да болады деп санаймын. Екі жақтан өндіріс жасап, ол жерде жаңа қала пайда болуы мүмкін, - деді Мемлекет басшысы еліміздің БАҚ өкілдерімен кездесу барысында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір