• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:15:42
Алматы
+35°

14 Маусым, 2017 Саясат

Өз жұмысына байланысты сауалдарға жауап беруден қашатын 5 «үздік» шенеунік?

Өздері басқаратын са­ладағы өзекті, көкей­кесті сұрақтарға жау­ап беруден жалтаратын шенеуніктер кімдер? Олар журналистердің сан сауалдарына жа&shy...

Өздері басқаратын са­ладағы өзекті, көкей­кесті сұрақтарға жау­ап беруден жалтаратын шенеуніктер кімдер? Олар журналистердің сан сауалдарына жа­уап беруден қашқанда, алдарына жан салма­йды! Ендеше Еуразия бірінші арнасының «Басты жаңалықтарында» топтастырылған бестікпен таныса отырыңыздар.

Бесінші орында –  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев. Өткен жылы ұлттық қордағы директорлар кеңесінің мүшелері 90 млн. тг бонус алыпты деген ақпаратқа қатысты қарша бораған сұрақ оған ұнамады.

Төртінші орын – қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа тиесілі. Былтыр мамыр айында Панамада жария болған офшор тізімінде қазақстандықтардың да есепшоты бар деген ақпарат дүңк ете қалды. Кімдер олар деп қаржы министріне бардық. Елдің бас қаржыгері қиын сұрақтың оңай жауабын тапты.

Үшінші орын – Ерлан Сағадиев. Білім министрі осы лауазымға келгелі бұқараның сынына ұшыраумен келеді. Оқулықтар сапасы мен тапшылығы, тест сұрақтары, қыл аяғы оқушылардың уланып қалу фактілері сияқты сан сұраққа бір жауап. Қашып құтылу.

Екінші орында мәдениет саласының тізгін ұстары – Арыстанбек Мұхамедиұлы. Жауаптан жалтарудың қаншалықты мәдениетке қайшы екенін министр мырза біле ме, білмей ме ол өзіне аян. Былтыр оның басы біраз дауға қалды. Бірақ министр мойымақ емес.

Бірінші орын. Қалмұхамбет Қасымов  
Елдің бас полицейі қылмыскерлерді қуып қолға түсіруден бәлкім өз ісінің шебері де шығар. Бірақ журналистерден қашуға келгенде, генералға тең келер ешкім жоқ.

Ақ жағалылардың ақпарат құралдары өкілдеріне алабөтен қарауларына не себеп? Медиа саланы зерделеп отыратын мамандарды сөзге тарттық.

Ғалия Әженова, «Әділ сөз» халықаралық қорының төрайымы:

«Сауатсыздық.  Өздерінің жасап жүрген жұмыстарын білмей жүргендіктен, сұрақ қойса  жауап бере алмай қаламын деп иә. Екінші себебі олардың бастығы өзінің орнынан айрылып қаламын деп, жауап бермеңдер, журналистерден қашыңдар немесе менсіз жауап бермеңдер деген сияқты бұйрық береді».

Тағы бір себеп, журналистердің өздері. Олардың кәсіби біліктілігі.

Ғалия Әженова, «Әділ сөз» халықаралық қорының төрайымы:

Кейде бүкіл мән мәтінінен үзіп алып, бір жағын ғана көрсететін жағдайлар болады. Бірақ енді ол да барлық журналистердің тарапынан емес қой. Кейбір осындай кемшіліктері бар журналистер болады.  Солардың кесірінен бүкіл журналистердің бәрі сондай деп ойлау деген дұрыс емес деп ойлаймын.

18 жылдан артық Үкімет пен Парламент қабырғаларынан ақпарат таратып келе жатқан сақа тілші Әселім Әбелдинованы сөзге тарттық. Айтуынша қашу үрдіске, тіпті дәстүрге айналған. Журналистен үздік үштік.

Әселім Әбелдинова, журналист:

«Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. Қашатын министрлердің ішінде ең бірінші орын алады ол кісі. Одан кейін кейінгі кезде ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев қосылды оның қатарына. Данияр Ақышевтің соңғы кезде қашқыш болып жүргені БЖЗҚ проблемалар туындағалы ол кісіні ұстау қиын қазір. Одан кейін білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Ол кісі де қашатын министрлердің бірі. Себебі өзің білесің, білім саласында проблема шаш етектен».

Шенеуніктердің журналистерден жиі қашуы тіпті Елбасының да сынына арқау болды былтыр. Қалыптасқан қашу үрдісіне бей-жай қарай алмаған астаналық блогерлер шашасына шаң жуытпайтын шенеуніктер жайлы ролик те түсірді.

Дереккөз: Еуразия арнасы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір