• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:23:12
Алматы
+35°

14 Қазан, 2017 NEWS

Өз үйінен қашқан екі жасөспірімнің бірі вокзалдан, бірі базардан табылды

Алматы облысының полицейлері үйінен қашқан екі жасөспірімді тауып алып, ата-аналарына қайтарды.

Алматы облысының полицейлері үйінен қашқан екі жасөспірімді тауып алып, ата-аналарына қайтарды, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жасөспірімдер жағдайы төмен отбасында тәрбиеленіп отыр. Бұған дейінде үйден қашу әрекеттері жасалған.

Кәмелетке толмаған жеткіншектер Еңбекші қазақ ауданы, Шелек ауылында тұрады. Қыркүйек айының соңында 16 жасар жасөспірім бала жоғалып кетсе, 17 жасар бойжеткен қызға қазан айының басынан бері іздеу салынды.00

"Екі жасөспірімнің әлеуметтік жағдайы төмен отбасында тұратыны және олар бұған дейін де бірнеше рет үйлерінен қашып кетіп жүргендері анықталды. Еңбекші қазақ АІІД полиция қызметкерлері жоғалған кәмелетке толмаған жасөспірімдерді Алматы қаласынан тапты. Олар көшеде жүрген. Бозбала автовокзал маңынан, ал бойжеткен қыз базардан табылды", — деп мәлемдеді баспасөз қызметі.

Полицейлер жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен профилактикалық шарада әңгіме өткізді. Екі жасөспірімнің отбасы да ювеналды полиция тарапынан бақылауға алынды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір