• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:59:06
Алматы
+35°

26 Қараша, 2018 Аймақтар

Өз тарихымызды өзiмiз бiлмей өскен ұрпақпыз

Президенттiң бұл мақаласында елiмiздiң тарихы кеңiнен қамтылған

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жетi қыры» атты мақаласы бiр жарым жыл бұрын жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы болып табылады. Президенттiң бұл мақаласында елiмiздiң тарихы кеңiнен қамтылған. Қадыр Мырза-Әлi ағамыздың «Бiздiң тарих бұл да бiр қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бiрақ-тағы» дегендей, бiздiң оқулығымыз жұқа болып, шынын айтқанда, өз тарихымызды өзiмiз бiлмей өскен ұрпақпыз. Бiз басқа ұлттардың, басқа мемлекеттердiң тарихын көп оқыдық. Өз ұлтымыздың тарихын бiзден жасырып келдi. Жерiмiзден Алтын адам табылып жатса, «ол скифтердiкi, оның қазаққа қатысы жоқ» дедi. Алтын адам кезiнде Шiлiктiден де табылған. Алтын адамның обаларын I Петрдiң заманынан берi арнайы экспедициялар шығып, тонап келген. Ол мұралар Эрмитажда тұрғанымен, қазаққа қатысы жоқ етiп көрсеттi.

Отырарды Иран мәдениетiне апарып тiреп тастайтын. Отырар кiтапханасы деп мақтансақ, ол кiтаптар сенiң тiлiңде болмаған дегенге дейiн барды. Ал ендi Мысырды билеген мәмлүктердiң өзi бiздiң тiлде сөйлеген. Оны бiз емес, керек десеңiз, Израиль ғалымдары айтып отыр. қазақ тарихы өлең-жыр болып тасқа қашалғанымен, оны да моңғолдарға тиесiлi деген түсiнiк таңылған. Айналып келгенде мойындалмай келген дүниелердi осы мақала игеруге, меншiктенуге, үйренуге, келешек ұрпаққа өзiмiздiң қандай тарихы терең ұлт екенiмiздi дәлелдеп, негiздеп беруге жол ашып отыр.

Ұлтымызға өткенiн бiлу маңызды деп есептеймiз. 30 елдiң қатарына кiру үшiн әлемдiк өркениетке қосқан үлесiң де мол болуы керек. Ал ендi бiз қандай үлес қостық? «Ұлы даланың жетi қыры» осыны түгендеп берiп отыр. Бiздiң скиф заманынан бергi «кентавр» деп жүргендерi сақтар болып шығады. Ал атпен бiте қайнасқан халық кiм? Ол — қазақтар! Солтүстiк Қазақстандағы археологиялық қазба Ботай мәдениетi ретiнде танылып, сол жерде ежелгi дәуiрде ең алғаш рет жылқыны қолға үйреткен кiм дегенде, бiздiң қазақтар болып шықты. Осы елдiң азаматтары болғаннан кейiн бәрiмiз де осы жердiң тарихына ие болуымыз керек. Бұрын қолымыз жетпей, қолымыз жетсе де, өзiмiздiкi екенi мойындалмай келген дүниелердi осы мақала игеруге, меншiктенуге, үйренуге, келешек ұрпаққа қандай ұлт екенiмiздi дәлелдеуге жол ашып отыр. Өткендi бiлу — келешек үшiн маңызды.

Ұлықбек Есдәулет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір