• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:41:22
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2018 Әлеумет

Өз-өзіне қол жұмсаған қыздың әкесі: Жерлеу рәсіміне тек кінәлілер келсін!

Қайтыс болған қыздың ата-анасы жерлеу рәсіміне қызын ренжітіп, мазақ еткен кінәлілерді шақырмақшы.

14 жастағы Эми Эверетт аустарлиялық Akubra брендінің моделі болды. Жарнама беттеріндегі жүзі жарқын қыз шынайы өмірде қатты қиналған. Оған себеп Эмиді мазаққа айналдырған интернет-тролльдер болды. Нәтижесінде қыз өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Daily Mail жазады.

Қайтыс болған қыздың ата-анасы жерлеу рәсіміне қызын ренжітіп, мазақ еткен кінәлілерді шақырмақшы. Қызды ғана емес, оның жақындарын да қалай қорлағанын кінәлілерге көрсетпек болды.

Интернет-троллинг

«Кей адамдар үшін суицид жасау – қорқақтық болар. Бірақ менің қызымды қорлағандардың ешқайсысы батыл емес, соған көзім анық жетеді. Қызым өмірдегі жауыздыққа шыдай алмады, қашып кеткісі келді.

Егер кездейсоқ болсын, менің жазбамды тыңдағандардың ішінде кішкентай ғана бүлдіршіннің өліміне кінәлілер болса, өтініп сұраймыз, жерлеу рәсіміне келіңіздер! Өздеріңіздің қандай қылмыс жасағандарыңызды көріңіздер!», - деді қыздың әкесі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір