• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:22:04
Алматы
+35°

30 Наурыз, 2017 NEWS

Өз-өзін туыстарының көзінше өртеген шымкентікке жақындары көмектесе алмаған

Шымкент тұрғыны үстіне бензин шашып, өртенді. Ол туыстарының көзінше өртенген, - деп хабарлайды

Шымкент тұрғыны үстіне бензин шашып, өртенді. Ол туыстарының көзінше өртенген, - деп хабарлайды qamshy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

  Қайғылы оқиға түнде Шымкенттің шетіндегі Бозарықта болған. Бұл оқиғаны ОҚО ІІД өкілдері растап отыр.  1979 жылғы ер адам үстіне бензин құйып, тұтатып жіберген. Куәгерлердің айтуынша, туыстары өртті сөндіруге тырысқан, бірақ олар өздері өртеніп кете жаздаған.

Абырой болғанда, әйелі мен балалары зардап шекпеді. Облыстық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, ер адам қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Оның 75 пайыз денесі күйіп қалған. 1997 жылғы қыз да денесінің 12 пайызын күйік шалып, ауруханаға түскен.

Полициядағылар осы дерек бойынша "Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу" бабымен тергеу жүргізіп жатыр.
 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір