• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:07:18
Алматы
+35°

30 Маусым, 2017 Әлеумет

Ойыннан өрт шықты. АҚШ-та қыз бала жігітін байқаусызда өлтіріп қойды

Миннесотаның 19 жастағы тұрғыны Монализа Перес You tube арнасына арнайы видео түсіру сәтінде 22 жастағы жігіті Педро Руизді байқамай өлтіріп қойған. Бұл...

Миннесотаның 19 жастағы тұрғыны Монализа Перес You tube арнасына арнайы видео түсіру сәтінде 22 жастағы жігіті Педро Руизді байқамай өлтіріп қойған. Бұл туралы Би-би-си жаңалықтар қызметі хабарлайды.

Жергілікті полицей қызметкерлерінің мәліметінше, жұп бейнебаян түсірмекші болған. Сценарий бойынша, Перес қалың кітап ұстап тұрған жігіті Руизге оқ атуы тиіс еді, алайда оқ кітаптан өтіп кетеді. Өз эксперименттері үшін олар мұқабасы қалың энциклопедия кітабы мен Desert Eagle ірі калибрлі тапаншасын пайдаланған.

Бейнебаян түсіру үшін жастар бөлмеге екі камера орнатты. Байқаусызда болған қылмыстың куәгерлері үш жасар бүлдіршін мен «трюкті» тамашалауға келген 30  шақты көршілері болды.

Перес оқ атқанда, оқ кітапты тесіп, Руиздің ішіне тиеді. Есі шыққан қыз бала бірден 911-ге хабарласады, алайда жігіттің өмірін сақтап қалу мұмкін болмады.

Перес полицей қызметкерлеріне түсініктеме берерде YouTube арнасына видео түсіру Руиздің идеясы болғанын айтады. Қайғылы оқиға орын алмас бұрын қыз бұл жайында өзінің Твиттер парақшасына жазады.

«Біз Педро екеуміз аса қауіпті видео түсірмекшіміз. Бұл менің емес, оның идеясы», деп жазды Перес.

Түсірмек болған видео арқылы жас жұп өздерінің YouTube арнасының танымалдылығын арттырып, тіркелушілер жинамақ болған.

Таныстарының айтуынша, екеуі бір-бірін қатты сүйген, әрі дәл осылай болмауы тиіс еді.

Жұп YouTube арнасындағы жеке видеоблогтарын 2017 жылдың наурызында ашқан. Мақсаттары – адамдарға «ерте ата-ана атанған жас жұптың» өмірін көрсету.

7 айға аяғы ауыр Монализа Переске 10 жылға бас бостандығынан айыру мен 20 мың доллар айыппұл төлеу қаупі төніп тұр.

Бүгінде қызды 7 мың доллар кепіл ақшамен үйіне босатты. Сот 5 шілде күні өтпек.

Шолушы: Сабина Рамазан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір