• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:48:03
Алматы
+35°

16 Шілде, 2018 Айтты-ей, бауырың!

Ойбай, бір қорап шырпы оты келе жатыр!

Сол үшінде қорқыныштан жей беремін, жей беремін.

 

Мына қойылған тиін: жей беремін, жей беремін жəне жей беремін деп, ұры биліктің символын сомдап тұр.
Өзім ұрлық жасаумен жемқорлықтан əбден семіріп майланғаным соншалықты, мұрнымның астындағы халықты көрмейтін, дəу мешкейге айналдым. Бірақ құным тиын. Өзімнің құнсыз екенімді білемін. 
Сондықтанда тоймай жей беремін, жей беремін. Дəу болып семіріп алсам, айбатты көрінетін шығармын.
Тек өзімнің қарным үшін өмір сүремін. Халықтың есебінен жей беремін, жей беремін. 
Тиын болғаннан соң да қамыстан жасалдым. Бірақ бір осал жерім бар. Құпия ретінде айтайын ба? Менің құным бір тал сіріңке.
Егер халық от болып, тұтанар болса, сол күні-ақ, жанып кетіп, күлім көкке ұшады.
Сол үшінде қорқыныштан жей беремін, жей беремін. Сыртым дəу болып семіріп алғаныммен, ішім қорқақ. Сол үшін де қорыққанымнан жей беремін, жей беремін. 
Құдай мені халық деген оттан сақтасын! Сол үшін де ішімнен дұға қылып дірілдеп, қорыққанымнан жей беремін, жей беремін! 
Жей беремін, жей беремін!
Ойбай, бір қорап шырпы оты келе жатыр! 
Құтқарыңдар! Өлдім!

Ардақ Әшім

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір