• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:04:15
Алматы
+35°

07 Қыркүйек, 2018

"Отыңды өшірме" қайшылыққа толы телехикая екен

Әр ана өзінің ұлын артық көреді. Асыра бағалайды.

Әр ана өзінің ұлын артық көреді. Асыра бағалайды. Бірақ өзіне жүрегін ашып тұрған жақсының қадірін білмей, жамандыққа баратыны несі? Ұлын артық көрем деп жүріп келінінің жанын жаралап, өз баласының басындағы бағын үркітетіні қалай?..

"Отыңды өшірме" телехикаясы ә дегеннен осындай ой тудырған еді.

Сосын кешегі үшінші бөлімнен телехикаяның оқиғалары шиеленісе бастағанын байқадық. 
Бір сенімсіз шыққан жері - әдемі, ақылды, ибалы келін Перизаттың енесінің өзін "сыртқа теуіп", жақтырмай жүргенін, оның салқын қабағын қалай сезбейді?

Негізі адам айналасындағылардың өзіне деген ықыласын қалай да сезеді ғой. Суық ызғар, жалған пейіл сезімтал адамның жаны мен жүрегін қариды. Ол тіпті ту сыртында өзіне қандай "үкім шығарылып" жатқанын сезінеді. Жақындары арасында, өз маңында болып жатқан әрбір келеңсіз нәрсе сезімтал адамның жүрегін тынышсыздандырады емес пе...

Бірақ мен өз басым Оразкүл Асанғазықызының өмірі жайлы жазғанда кейде жамандықты елемеу арқылы, байқамау арқылы жеңуге болатынына көз жеткізгем. Күләш Ахметованың өмір жолына қарап та осыған ұқсас ой түйген едім. Қандай да бір жамандық пен қасіреттен аман алып қалу үшін құдай ақындарға қиял атты қанат беретінін, сол қанатпен олар көкке көтеріліп, жердегі кейбір аласапыран оқиғалардан жаны мен жүрегін жараламай сақтап қала алатынын түйсінгендей болғам.

Бәлкім, Перизат та сөйтіп жүрген шығар...

Бірақ оны алда әлі қандай тағдыр күтіп тұрғанын біз білмейміз... Әлі 17 бөлімі бар. 
Не де болса қайшылыққа толы хикая екен. Ой салмай қоймайды.

Нәзира Байырбектің фейсбук парақшасынан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір