• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:40:11
Алматы
+35°

27 Қараша, 2016 Спорт

Отандасымыз украин боксшысы Павел Пуланы ұрып жығып, әлем чемпионы болды

Бокстан Санкт-Петербургте жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов алтыннан алқа тағып, тағы екі боксшы...

Бокстан Санкт-Петербургте жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов алтыннан алқа тағып, тағы екі боксшы күміс жүлдеге ие болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Финалдық жекпе-жекте 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы украиналық қарсыласы Павел Гуланы 3:0 есебімен жеңіп, алтыннан алқа тақты.

Айта кетейік финалға дейін Ахмедов екі қарсыласын да нокаутқа түсірген.

Сонымен қатар финалға жеткен тағы екі қазақстандық боксшы күміс жүлдеге ие болды.

Финалда 56 келіде жұдырықтасқан Саматәлі Төлтаев қарсыласы америкалық Марко Кастроға жол берсе, 75 келідегі Бек Нұрмағамбет шотландық Уильям Хатчинсонға есе жіберді.

Ал 81 келіде өнер көрсететін Бекзат Нұрдәулетов қола жүлдені қанағат тұтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір