• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:14:55
Алматы
+35°

31 Қазан, 2018 NEWS

Өскемендегі Халифа Алтай мешітінен естеліктер

Осындай зәулім ғимараттың дәл сол кісінің есімімен аталғаны қуантты

Өскемендегі мына мешіт Халифа Алтай атамыздың атында екен. Осындай зәулім ғимараттың дәл сол кісінің есімімен аталғаны қуантты. Өйткені ол кісінің Құранды алғаш болып қазақшаға аударғаны өз алдына ғаламат еңбек болса, тәуелсіздік алғаннан кейін елге оралуы тіпті ерекше хикая. 

Халифа атамыз сонау 1991 жылы Түркия көшелерінің бірінде келе жатып Қазақстанның тәуелсіздік алғанын радиодан естіпті. Ести сала көзіне жас алып, тұрған жерінде шүкір сәждесін жасапты. Сосын үйіне келіп кемпіріне: "Бізге мұнда енді қалудың қажеті жоқ. Еліміз тәуелсіздік алыпты, Отанымызға қайтайық" деп бір-ақ сәтте жиналып, Қазақстанға алғашқылардың бірі боп көшіп келген деседі. Не деген жүрек ? Елінің үстіндегі не деген ниет! Елге келе сала дінге қызмет етуге кіріскен атамыз мұндай зәулім мешіттің атын иеленуге әбден лайық. 

Өскеменнің маған тағы бір ұнаған жері саябағы болды. Ішінде түрлі ұлттардың үйлері салынған этноауыл бар. Көл де, жағажай да, орман да, музей де бір парктің ішінен табылады. Әдемі енді! Ал сіздерге Өскемен қаласы несімен ұнайды? 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Өскемендегі мына мешіт Халифа Алтай атамыздың атында екен. Осындай зәулім ғимараттың дәл сол кісінің есімімен аталғаны қуантты. Өйткені ол кісінің Құранды алғаш болып қазақшаға аударғаны өз алдына ғаламат еңбек болса, тәуелсіздік алғаннан кейін елге оралуы тіпті ерекше хикая. Халифа атамыз сонау 1991 жылы Түркия көшелерінің бірінде келе жатып Қазақстанның тәуелсіздік алғанын радиодан естіпті. Ести сала көзіне жас алып, тұрған жерінде шүкір сәждесін жасапты. Сосын үйіне келіп кемпіріне: "Бізге мұнда енді қалудың қажеті жоқ. Еліміз тәуелсіздік алыпты, Отанымызға қайтайық" деп бір-ақ сәтте жиналып, Қазақстанға алғашқылардың бірі боп көшіп келген деседі. Не деген жүрек ? Елінің үстіндегі не деген ниет! Елге келе сала дінге қызмет етуге кіріскен атамыз мұндай зәулім мешіттің атын иеленуге әбден лайық. Өскеменнің маған тағы бір ұнаған жері саябағы болды. Ішінде түрлі ұлттардың үйлері салынған этноауыл бар. Көл де, жағажай да, орман да, музей де бір парктің ішінен табылады. Әдемі енді! Ал сіздерге Өскемен қаласы несімен ұнайды? ? #marfu_travels #marfu_traveller #жиһанкез_журналист #ШығысҚазақстан #Өскемен #ВКО #ШҚО #таңғажайыпҚазақстан #Қазақстан #туғанел #көріктімекен #qazaqstan #зайсан #халифаалтай

Публикация от Марфуға Шапиян (@marfugashapian)

Марфуға Шапиян Инстаграм парақшасынан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір