• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:37:40
Алматы
+35°

12 Қараша, 2018 NEWS

Өскеменде бірнеше көшенің атауы қазақшаланды

№9 және №11 көшелеріне еңбек сіңірген педагог, еңбек қайраткері Жақия Шайжүнісов пен ғалым, шығыстанушы Лев Гумилевтің есімдері берілді.

Бүгін қалалық әкімдік ғимаратында өткен қоғамдық талқылау барысында әкімдік 12 ескі көшенің атауын өзгерту әрі облыс орталығындағы атаусыз 4 көшеге ат беру туралы шешім қабылдады.

Өскемен қаласындағы атаусыз екі көшеге, яғни №9 және №11 көшелеріне еңбек сіңірген педагог, еңбек қайраткері Жақия Шайжүнісов пен ғалым, шығыстанушы Лев Гумилевтің есімдері берілді.

Тағы екі көше Мейірім және Армандастар болып аталды.

Ал атаулары ескірген, оның үстіне қайталанып кеткен көшелердің біріне орыс жазушысы, драматург Антон Чехов пен енді біріне Совет одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетов, талантты актер, әнші Әміре Қашаубаевтардың есімдері берілді. Бұдан бөлек географиялық нысандармен  бірнеше көше аталды. Мәселен, ендігі Өскемен қаласында Нарын, Шыңғыстау, Асар және Бейбітшілік көшелері бар.

Жалпы қаладағы өзгерген көшелердің атауы төмендегідей:

Өскемен көшелері

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір