• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:50:08
Алматы
+35°

08 Мамыр, 2019 Саясат

ОСК сайлауға бөлінген қаржыны атады

Бұл 637 500 000 (алты жүз отыз жеті миллион бес жүз мың) теңгені құрайды.

9-маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражат мөлшері белгілі болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ОСК сайтына сілтеме жасап. 

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Орталық сайлау комиссиясының "2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында республикалық бюджет қаражатынан өтелетін Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы" қаулысы қабылданды.

Қаулыда Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат шығыстарының мөлшері 7 331 200 (жеті миллион үш жүз отыз бір мың екі жүз) теңге көлемінде белгіленді.

Баяндама кезінде спикер кандидаттардың сайлау қорлары туралы айтып өтті.

Президенттікке кандидаттың сайлау қоры:

1) кандидаттың өз қаражаты және оны ұсынған республикалық қоғамдық бірлестік кандидатқа бөлінген қаражаттың жалпы сомасы заңнамада белгіленген ең төменгі жалақының он екі мың есе мөлшерінен аспайды, бұл 510 000 000 (бес жүз он миллион) теңгені құрайды.;

2) республиканың азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырмалдықтарының жалпы сомасы заңнамада белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен он бес мың еседен аспайды, бұл 637 500 000 (алты жүз отыз жеті миллион бес жүз мың) теңгені құрайды.

Белгіленген мөлшерден тыс артық түскен ақша қаражаты сайлау қорларына есептелуге жатпайды және оларды енгізген азаматтар мен ұйымдарға қайтарылады.

Анонимді қайырмалдықтар республикалық бюджет кірісіне аударылады.

Сайлау қорларына тек заңды жолмен алынған қаражат ғана жіберілуі мүмкін.

Сайлау қорының қаражатына билік ету құқығы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға ғана тиесілі.

Кандидат өз кандидатурасын алған немесе кандидатты тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда сайлау қорына түскен ақша оларды енгізген азаматтар мен ұйымдарға қайтарылады. Бұл ретте көрсетілген қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгізген азаматтар мен ұйымдардың есебінен өтеледі.

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей кандидат Орталық сайлау комиссиясына сайлау қорына ақша түсімдерінің көздері және барлық жұмсалған шығындар көрсетілетін өз сайлау қорының қаражатын пайдалану туралы есеп беруі қажет.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір