• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 12:49:45
Алматы
+35°

Шереметьево әуежайындағы "Аэрофлот" әуе компаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағы апатқа ұшырап, қайтыс болған адамдардың саны 41-ге жетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтының дерегін негізге алып. 

Ресейлік БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек, бортта 78 адам болған. Олардың 37-сі аман қалыпты. Қазіргі таңда 6 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың үшеуі ауыр хәлде жатыр. 

Сондай-ақ апатқа ұшыраған жолаушылар ұшақтың өртенген сәтін видеоға түсіріп алған. Аталмыш видеода жолаушылардың "Өртендік, өртеніп жатырмыз" деген жан ұшыра айғайлаған дауысы естіледі. 

Тергеу комитеті болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған. Мурманск қаласында аза тұту күні жарияланды. 

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір