• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:21:08
Алматы
+35°

05 Ақпан, 2018 NEWS

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатының депутатын тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы отырысында Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлыны ҚР Парламенты Сенатының депутаты ретінде тіркеу жөнінде қаулы қабылданды

2018 жылдың 5 ақпанында Президент жарлығымен 2018 жылдың 1 ақпанында тағайындалған Парламент сенатының депутатын тіркеу бойынша Берік Имашевтың төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Орталық сайлау комиссиясының БАҚ-пен байланыс жөніндегі бөліміне сілтеме жасай отырып.

Орталық сайлау комиссиясы отырысында Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлыны ҚР Парламенты Сенатының депутаты ретінде тіркеу жөнінде қаулы қабылданды.

 Сонымен қатар, отырыста ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының өкілеттілігін тоқтату мәселесі қарастырылды. Депутаттың өтініш беруі негізге алынып, М. Ашимбаевтың ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттық өкілеттілігі мерзімнен тыс тоқтатылады.

ҚР Конституциясы 52 бабының 5 тармағына сәйкес, ҚР 1995 жылғы 25 қазандағы «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәптебесі» туралы Конституциялық заңға сәйкес және М. Ашимбаевтың өтініші негізінде, ҚР Оталық сайлау Комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісіне Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының өкілеттілігін мерзімнен тыс тоқтату мәселесі бойынша ұсыным жөнелтеді.    

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір