• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:07:16
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2019 Саясат

Орта Азия елдеріндегі саясаткер әйелдер

Қазақстанда да кезектен тыс өтетін президент сайлауына түсуге ниет білдірген әйел қауымының да қарасы көбейген.

Әйелдерге 1893 жылы сайлауға түсу құқығын берген алғашқы мемлекет Жаңа Зеландия екен. Оның артынан Австралия да ерді. Аталмыш мемлекет 1902 жылы сайлауға әйелдердің де өзін үміткер ретінде ұсынуына рұқсат етті. Ал Еуропада Финск князі 1906 жылы әйелдердің сайлауға түсуіне мүмкіндік жасады. Ислам әлемінде әйелдердің сайлауға түсуін алғашқы болып қолдаған Қырым халық республикасы болды.

Сонымен қоса соңғы болып қолдағандар Кувейт (2005 жыл), Біріккен Араб Әмірліктері (2006 жылы) және Сауда Арабиясы (2011 жыл).

Қазақстанда да кезектен тыс өтетін президент сайлауына түсуге ниет білдірген әйел қауымының да қарасы көбейген. Үміткер үш әйелдің екеуі – емші-экстрасенс, біреуі – «Бәйтеректің авторы»Орталық сайлау комиссиясына төрт әйелден өтініш түсті. Олар – Гүлдана Тоқбаева, Мая Қарамаева, Мейрамгүл Қожағұлова және Зәуре Масина. Алайда бір кандидат – Зәуре Масина өтінішін қайтарып алды. 

2015 жылы өзін президенттікке ұсынған 5 кандитдаттың бірі әйел болды. Тек бірде бір әйел сайлауға түспеді.

Орта Азиядағы саясаткер әйелдер

Роза Отынбаева

Саясатта ойып тұрып орнын қалыптастырған қырғыз саясаткері Роза Отынбаева. Елдің экс-президенті Құрманбек Бакиев тақтан тайғанда ол уақытша президенттің міндетін атқарушы болды.

Сол уақытта Отынбаева елді үш түрлі қиын кезеңнен алып шықты. Оның бірі – елдің оңтүстігіндегі жанжал, енді бірі Конституцияға өзгеріс енгізу уақыты.

Дариға Назарбаева

Тағы бір белгілі саясаткерлердің қатарында Қазақстан президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева бар. Саясаттану және экономика ғылымдарының докторы, 5 тілді меңгерген: орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын, неміс және итальян тілдері.

1994 жылы «Хабар» Ұлттық теледидар ақпарат агенттігінің директоры болды; 1998 жылы «Хабар» агенттігі АҚ президенті; 2003 жылы «Асар» партиясының лидері; 2006-2007 жылдары «Нұр Отан» партия төрағасының орынбасары; 2012 жылғы парламенттік сайлаудан кейін Мәжіліс депутаты болып сайланды. Әлеуметтік-мәдени комитетінің төрағасы; 2015 жылдың 11 қыркүйегінен - Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары. 2016 жылдың 16 қыркүйегінен сенатор.

Акджа

Акджа Нұрбердиева – 2018 жылдың наурызына дейін түрікмен парламентінің спикері. 2007 жылы спикер болғаннан соң өзінің бай елін бүкіл әлемге таныстыруды мақсат тұтты. Тіпті алғашқы қадамдарын сол жылдары-ақ бастап кетті.

Гүлнар Каримова

Гүлнар Кәрімова – Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің үлкен қызы. Зергерлік бұйымдар, мода, музыкаға қызығатын Кәрімова саясатқа да бір табан жақын. Испаниядағы Өзбекстанның елшісі, БҰҰ және Женевадағы өзге де ұйымдардың өкілі болды.

Былтыр Кәрімованы әкесінің мұрагері болуы мүмкін деген ақпар шыққан. Ал қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол қамауда.

Мутабор

Мутабар Тоджибоева - өзбек құқық қорғаушысы, Ислам Кәрімов режимін ашық сынаушы. Құқық қорғаушы билік құрылысына қатысты «жалған ақпарат таратқаны» үшін түрмеге де отырып шыққан. Алайда бұл жаза әйелді тоқтата алмады.

Батылдығы үшін Женевада Мартин Эннэелс атындағы сыйлыққа ие болды.

Озода

Озода Рахманова, президенттің қызы, Тәжікстан Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2009 жылы ел президенті Рахмон қызы Озода университетті бітіре сала Сыртқы істер министрінің орынбасары етіп тағайындады. Алайда жұрттың сөзінше, оның беделі министрден де жоғары.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір