• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:21:19
Алматы
+35°

16 Тамыз, 2018 NEWS

"Өрт бір күн бұрын болғанда айтуға ауыз бармайтын қайғыға тап болар едік"

Көршісінің дәретхана қағазын өртеймін деген іс-әрекетінен үйінен айырылып қалған бес баланың анасы көпшіліктің қолдауына мұқтаж

Апат айтып келмейді. Кейде кішігірім нәрселерге салғырт қарап, артынан опық жеп жатамыз, титтей нәрседен біз күтпеген үлкен мәселелер туындап кетеді. Ал, кейде, тіпті, өзгенің қателігінен оңбай таяқ жейміз. Өмірінде сондай оқиғалардың біріне тап болған Гүлбану есімді әйелдің оқиғасын Qamshy.kz ақпарат агенттігі назарларыңызға ұсынады.

Көршісінің дәретхана қағазын өртеймін деген іс-әрекетінен үйінен айырылып қалған бес баланың анасы «Бала-шағамның бір киімін де алып шығып үлгермедік, үй түгелімен күлі көкке ұшты» дейді.

Өрт

Бес балалы ананың айтуынша, өрт бір күн бұрын болғанда бұдан да үлкен қайғылы жағдайда тап болуы мүмкін екен. Қазір көпбалалы отбасы бір ауылда тұратын Гүлбанудың сіңлісінің үйін паналап жүр.

«Бізден екі көше ары  тұратын сіңлім бар, бірден соның үйіне бардық. Дегенмен екі отбасы бір үйде тұру деген қиын, сонда да бір-екі шыдап, үйімізді кішкене қалыпқа келтіргенше сол үйді паналай тұрамыз. Оған да шүкір, далада жатқан жоқпыз», - дейді зардап шегуші.

Өрт

Күлге айналған үйдің ішінен тек өздері ғана шығып үлгерген, балалардың бір де бір киімін алып шыға алмаған отбасыда мектеп оқитын үш бала бар. Жаңа оқу жылына дайындық науқанында мұндай қайғыға душар болып отырған ата-ана балаларының киім-кешегін, мектепке қажетті заттарын бәрін сатып алуға мәжбүр. Халықтан қол жайып, анау беріңіз, мынау беріңіз деп көмек сұрамаймын, бірақ көмек қолын созам деушілердің қолын қайтармаймын деп отырған бес баланың анасына жалпақ жұрттың қолдауы қажет.

Өрт

«Өрт бір күн бұрын болса қандай жағдайға тап болар едік деген ойдан арыла алмадым. Сенбі күні өрт болған кезде мен де, күйеуім де үйде болдық, ал бір күн бұрын екеуіміз де жұмыста болдық, екі қызым үйде қалған, үнемі «есікті іліп алып, ұйықтай беріңдер» деп кететінмін. Бір күн бұрын болғанда екі қызым үйде есікті іліп алып жатқан болса, мүлдем айтуға ауызым бармайтын қайғыға душар болар едік. Аллаға шүкір, бала-шағам аман, қалғаны ақырындап бола жатар», - дейді Гүлбану.

Өрт

Жоғарыда атап өткендей, өрт көрші әйелдің дәретхана қағазын сыртқа шығарып өртеймін деген іс-әрекетінің салдарынан туындаған. Зардап шегуші ананың айтуынша, көрші жас келіншек, емізулі баласы бар, дәретхана қағазын өртеп, баласын емізуге кіріп кеткен, сол күні жел соғып кейіннен өрттің ұшқыны сол желдің салдарынан шөпке түсіп, ақырындап сол үйге де жеткен екен. Бұл оқиғаға тікелей қатысы бар көршілерінің іс-әрекеті қалай болды? Деген сұраққа көпбалалы ана былай дейді:

«Баласын емізіп жатып өрттің күш алып кеткенін байқамай, кейіннен оны сөндіре алмай қалған. Олар өздері жуырда ғана көшіп келген жас отбасы, бір балалары ғана бар. Қыздың ата-анасы келіп кешірім сұрап «күйеу балам жетім еді, әке-шешесі жоқ бар қолымыздан келетіні осы» деп бір миллион теңгені ұстатты. Асып-тасып жатқан отбасы емес, олардан енді не сұрай аламыз. Тек бар айтқаным үйдің қабырғасын тұрғызып, шатырын жауып берсін дедім, үйдің ішіндегі дүниелерімді де сұрамаймын. Бергендеріне қанағат дедім».

Өрт

Айта кетейік, өткен аптада Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Жалғамыс ауылында бүтіндей бір отбасы бір түнде үйінен және бар дүниесінен айырып қалды. Бір баласы сырттай оқу орнында, бір баласы әскерде, қалған үшеуі мектеп жасындағы балалардың анасы Гүлбану ханым мен жұбайы бар күш-жігерін жинап, қайтадан бәрін басынан бастауға бекініп отырса да, көпшіліктің қолдауына мұқтаж.

Өрт

Үлкен ұлының банк карточкасы

Өрт

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір