• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:51:34
Алматы
+35°

21 Наурыз, 2019 Саясат

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлының өкілеттілігін тоқтатуы орыс ұлтшылдарының да назарына ілікті. Белгілі орыс жазушысы Константин Щемелинин осы жағдайға байланысты пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі wek.ru сайтының дерегін негізге ала отырып. 

Қазақстанды алдағы уақытта не күтіп тұр? Бұл жағдай Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа қалай әсер етеді? Қазақстан Украинаның кебін кимей ме? - деген сауалдарға жауап берді Константин Щемелинин.

"Шамасы, Қазақстанда ұлтшылдар көбейеді. Қазақтар мен орыстардың арасында қақтығыстар орын алуы мүмкін.  Қазақстанның жаңа саясаты ресей саясаты бойынша жүретін болады. Содан кейін, біртіндеп Украинаның кебін кие бастайды. Орыстарда ұлттық идея жоқ. Ал,  Қазақстанның солтүстік өңірінде түгелдей дерлік орыстар қоныстанған. Сондықтан Солтүстік Қазақстанды  Луганск пен Донецк республикаларының, Абхазия және Оңтүстік Осетияның тағдыры күтіп тұр. Ал, орыстардың ұлттық рухы оянса, онда ол бірден Қырымның күйін кешеді.  Қазақстанның қолында билік жоқ. Оны Мәскеу, Вашингтон және Пекин басқарады. Алдағы уақытта Ресей мен Американың арасында талас басталады. Ал бұл жағдайда Қытай бейтарап болады да, ұтқан жақтың пайдасын ғана көздейді."- дейді жазушы 

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір