• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 18:36:38
Алматы
+35°

26 Наурыз, 2019 Айтты-ей, бауырың!

"Орыс өтірік айтпасаң нанбайды". Жағынудың бәйгесін қазақтың алғанына бір мысал...

“Қазекең” де бір жағынан тегінге қызығып, екінші жағынан жоғарғы хакімдерді алдау үшін жағынудың керектігін біліп, жағына бастады.

Алаш мұрасы несімен қымбат деген болсақ, ол бізге сан алуан құндылығымен бірге, шынайы ұлттық болмысымызды сақтауға және қанымызға жат кесел мінезден арылуға керек дер едік. Соның ішінде ата-бабамызда жоқ жағымпаздану мен әлеумет ісінде өтірік айту секілді бүгін белең алған аса жиіркенішті де ұнамсыз дүниеден сақтануға қажет. Жағымпаздық пен жалғандық бұрынғы текті қазақ бойында болмағанын, ол жат тірлік, бертін жабысқан кеселді дерт екендігін байқаймыз. Арда қазақ отаршылдық езгіге түсіп, орыс төрелерімен араласқан соң, бұл сұрқиялылық ХІХ ғасырдың алпысыншы жылдарынан бері күшейе түсті. ХХ ғасыр басында орыс өтірік айтпасаң, нанбайды деген азаматтар арасында пікір де қалыптасқан екен. Жағымпаздықты білмеген, сөзінде тұрған, сертін сақтаған халық мінезі өзгере бастағаны жөнінде алаш оқығаны Қошке Кемеңгерұлы «Қазақ тарихынан» (Мәскеу, 1924) еңбегінде былай жазады:

“Қазекең” де бір жағынан тегінге қызығып, екінші жағынан жоғарғы хакімдерді алдау үшін жағынудың керектігін біліп, жағына бастады. Жүре-жүре жағыну әдет болды. Жағынудың бәйгесін қазақтың алғанына бір мысал: төңкерістен бұрын Ақмола уезінде “Шынжыр балақ, шұбар төс” нағыз жуан атадан болған болыс өзі етті кебеже қарын болса да, шалшық жерден крестьянский начальникті “аяғы былғанады” деп арқалап өткізген. “Бақытсыз Жамалдағы” “спасибоға” қуанған ауылнай, қазақ арасыдағы жиі ұшырайтын сурет болды. Абайдағы: 
Мәз болады болысың,
Арқаға ұлық қаққанға!
Жылтыратып орысың,
Шенді шекпен жапқанға, - 
деген жағынғанды толық суреттейді. Ел арасында көпшіліктің ұлыққа жағынуы сол дәрежеде: адамшылық, мендігін жоғалтып, жансыз нәрседей болып кетті. Бұрын қазақ хұсусы тұрмыстарға ғана еріккеннен өтірік айтушы еді. Өтіріктің идеалы 40 ауыз өтірікпен ханның қызын алған әңгімеге тірелуші еді. Бірақ әлеумет жұмысына инедей өтірік қатыстырылмаушы еді. Үкімет өздері ақ жолдан адасқан соң, шын жолмен жүріп, талай жапа шегіп, запыс болғандықтан қазақтың көпшілігі өтіріктің ордасы болып алды. “Орыс өтірік айтпасаң нанбайды” деген көпшіліктің арасында азаматтық хұқығын алған ағым бар.

Қайырбек Кемеңгердің Facebook-тегі парақшасынан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір