Орыс князьдерінің қару-жарағындағы құран сөздері

Орыс князьдерінің қару-жарағындағы құран сөздері
Ⓒru-sled.ru

Осыдан біраз бұрын белгілі фольклоршы ғалым Исмаил Мунаев «Нахчийн фольклор» атты кітаптың алтыншы томын құрастырып, жарыққа шығарды. Тарихта қарапайым адамдар біле бермейтін, ашық айтыла қоймаған жайттар көп. Әсіресе, орыс тарихында. Мәселен, Мәскеуді поляктардан азат етуші Минин мен Пожарскийдің Қызыл алаңдағы ескерткішін бәріміз де білеміз. Бірақ бұл жеңістің ұйымдастырушысы һәм шабыттандырушысы шешен князі Черкасский екенін екінің бірі біле бермейді. Бұл сөзімізге М.Н. Загоскиннің 1829 жылы шыққан «Юрий Мстиславский или русские в 1612 году» деген тарихи романы дәлел. Онда: «Біздің тыныш өмір сүруімізге ең әуелі Дмитрий Мамстрюкович Черкасский князь, сосын Григорий Образцов қарсы болатынына сөз жоқ. Бұл екеуінің біріншісі шешен князі Мамстрюктің ұлы болғандықтан әрі шешендер сияқты әрдайым кескілесуге даяр тұратындықтан сөйтеді. Ал екіншісі туабітті нижегородтық болғандықтан поляктарды ит етінен жек көреді...» – деп жазылған. « – Мен бізді  князь Дмитрий Михайлович Пожарский Мәскеуге бастап баратын болсын дегенмін, – дейді Черкаский. –Біз поляктарға нағыз жауапты сонда қайтарамыз! Біз Мәскеу маңайына өліктерді төсек қып тастағанда нижегородтықтарға не керек екенін сонда ғана білетін болады». Черкаский князьдің осы сөздерімен шабыттанған орыс жасақтары мен қосындары Минин мен Пожарскийдің басқаруымен жауға аттанып, Мәскеуді азат етеді дейді автор.

Иә, бүгінде Қызыл алаңдағы Минин мен Пожарскийдің жанында шешен князі Черкаский мүсіні жоқ. Ресей кешегі Отан соғысы кезінде ерлігімен көзге түсіп, Совет Одағының батыры атағына ұсынылған шешендердің құжаттарын жойды. Тіпті, Рейхстагтың шатырына ту тіккен шешен Абдулхаким Исмаиловқа өзі жасаған ерлігі туралы да, ұлты кім екенін  айтуға да рота командирі тыйым салған. Сөйтіп, тек Егоров пен Кантария ғана ерлік даңққа бөленді.

Орыстың «аптада бес жұма бар» деген мәтелін талайымыз естіген болармыз. Ал оның шын мағынасы не екенін ойлап көрдік пе? Сөйтсек, бұрын Русьте де жұманы демалыс күні деп атаған екен. Ресми тарих бойынша Русь христиан дінін қабылдап, шоқынғанға шейін орыстар отқа, суға, пұтқа табынған. Сөйтіп, тек Х-шы ғасырдың соңында ғана Владимир князь елді бір дінге енгізуге кіріседі (988 ж.). Ол иудаизмді қабылдайын десе Израиль халқы Жаратушының қаһарына ұшыраған деп есептеледі. Ислам діні салауаттылықты талап ететіндіктен ішімдіксіз өмірді өмір құрлы көрмейтін орыстарға ол тура келмейді. Сондықтан православие орыстарға лайық деп табылады. Алайда, енді бір болжамдар мен аңыздарға сенсек, орыстарға православие дінін қабылдатқан  Иван Грозный екен дейтіндер де бар. Сол Иван Грозныйдың  күні бүгінге шейін Стокгольмдегі мұражайда сақтаулы дулығасы орыс ғалымдары жазған Ресей тарихының шәт-шәлекейін шығарды. Бұл жерде мәселе сол дулығадағы арабша жазуда болып отыр. Оны Иран Ислам Республикасының осы мұражайға барған консулы Сейіт Ғұламрез Мейғуни тәржімалап, бұл көне  диалектіде жазылған деп мағлұмдады. Иван Грозныйдың бұл дулығасындағы жазуды тәржімалағанда «Алла ұлық! Мұхаммед оның пайғамбары» боп шығады екен. Осыны естіген Андрей Рачев жеке зерттеу жүргізіп «Русьтің аспанында жарқырайды жарты Ай» деген еңбегінде Nww.stihi.ru 2010.02), Ресейде XIII-XIV ғасырларға шейін қасиетті Ислам діні уағыздалып келгенін анықтады. Тіпті, орыстың кейбір жерлерінде ол XV ғасырға шейін уағыздалып, салтанат құрып келгені айтылады. Бұл дулыға Иван Грозныйдікі екенін оның төменгі тұсында таза славян тілінде жазылған «Шелом (шлем – М.К) князя Ивана Васильевича, Великого Князя сына Василия Ивановича, господаря Всея Руси самодержца» деген жазу да нақтылай түседі. Бұл бұл ма, арабша жазуы бар бас киім тек Иван Грозныйда ғана емес, оған дейінгі ұлы князьдерде, де болған екен. Және бұл дулығаларды атақты ұста Никита Давыдов сияқты орыстың төл шеберлері жасаған. Ал Александр Невский князьдің дулығасында араб әріптерімен жазылған Құранның  «Шынайы Құдай жолын ұстанғандарға Аллаһтың шапағаты тиетінін және көп ұзамай жеңіске жететінін айтып қуант» деген сүре сөздері болған. Қадірлі оқырман бұның бәріне тағы да дәйек іздеп, әуреге түспеуі үшін Рачевтің мақаласынан үзінді келтірейік: «Айтпақшы, араб әрпімен жазылған Құран сүрелері Ресей князьдары  дулығаларында ғана емес, сонымен қатар олардың қылыштары мен қалқандарында да, сауыттары мен тіпті ыдыс-аяқ, құрал-саймандарында да өрнектелген еді. Ал Радзивиллов жылнамасында  өзінің астындағы тұлпарынан екі мәрте қаза тапқан, екі бейітке жерленген. Көреген Олегтің (вещий Олегтің) сарбаздары ұрысқа исламның жасыл жалауын көтеріп кіретін болған. Ал Олегтің өзінің қалқанында «Ад-дин ул Ислам!», яғни, «Киелі ислам діні үшін!» деген араб қарпімен жазылған жазу болған. Иә, Олег шайқаста жеңіске жетіп, Царьградтың дарбазасына өз қолымен қағып қойған қалқанындағы жазу осы! Дәл осындай көркем де қасиетті жазу Аскольд және Дир князьдердің қалқандарында да жазылған. Ол қалқандар Стокгольмдегі король мұражайында күні бүгінге шейін сақтаулы тұр. Ендеше, бұлардан басқа тура да нақты деректер бар ма?  Араб тарихшылары ресейлік тарихшылар сияқты тарихты ешқашан бұрмалаған емес. Ендеше, сол  замандардың тарихи жазбаларын зерделеп көрсек те жеткілікті болар еді. Мәселен, араб тарихшысы Мұхаммед әл-Иафи әл Салих: «Хижраның 300 жылы болгарлардың, славяндар мен русстардың жабайы тайпалары мұсылмандықты қабылдады. Бірақ олар Аллаһ жолынан тайып, кейін христиан болды»,–деп жазған. Ал парсы тарихшысы Зард Фахристани Киев Русіне келгенде оларды доңыз етін жейтін, ораза тұтпайтын өте жаман мұсылмандар екен деп қапаланады. Ерте ортағасырлардағы Русьте де исламның көптеген айғақтарын кездестіруге болады, ол кездегі шіркеулер күмбезі мешіттер күмбездерімен егіз қозыдай ұқсас болды. Ал көне православиелік әдет-ғұрыптардың ырымдары мен тыйымдары мұсылмандыққа өте ұқсас еді. Мысалы, ежелгі Русьте жұма демалыс күні болып белгіленген.

Русьтің ислам дінінен православиеге өтуі XV-XVI ғасырларға шейін созылды. Біз көне Ресейдің, орыс халқының ислам дініне тікелей байланысты тұстарынан аздаған ғана мысал келтірдік. Бұған шейін Мәскеу князі Василийдің Алтын Орда ханының мәрмәр тақтадағы табанының таңбасына бас иіп  князь атану үшін ант беріп жатқан суретін, гетман Богдан Хмельницкийдің намаз оқып отырған суретін баспасөзде жариялағанбыз. Сол сияқты, А. Пушкиннің, И.Буниннің қасиетті Ислам дініне, Құранға, орамал тартатын мұсылман әйелдеріне арнап жазған   мақтау өлеңдерін қазақшаға тәржімалап та көргенбіз.

Ал Л.Толстой, А.Блок, А.Куприн ислам діні туралы оның ақиқатшылдығына, әділетшілдігіне, аса жоғары адамгершілік пен мәдениеттілігіне таңдай қағып тамсана жазған. Тіпті солардың біразы мұсылмандықты қабылдаған көрінеді. Әттең, әлі де болса империалистік, шовинистік пиғылдан арылмай, әлі де біз «ұлы орыс халқымыз» деп кеудесін сабалайтын тарихшылар мен ғалымдар мұның бәрін жұртшылықтан жасырып ұстап, білдірмеуге тырысады. Ол аз болғандай оларға әлі де құлдық санадан арылмаған қазақтар қосылатынын қайтерсің. Сондықтан мұндай зор тарихи маңызы бар дүниелерді тек әлеуметтік желілерден ғана алып жүрміз.

Мырзан Кенжебай

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Балғынбек Имаш: Алла деп "Крещениеде" суға түскен, Мұсылманға мұнафиқ мінез келді
    20/01 23:22 0 262
    2
    Қазақстандық имамдар қанша жалақы алады?
    20/01 14:14 0 517
    3
    Жол ережесін бұзсаңыздар, полицияға "дәлеліңізбен келіспеймін" деп жазып беріңіз
    20/01 09:27 0 7019
    Өнертанушы ретінде атақты суретшілердің картиналарын қалай оңай ажыратуға болады?
    20/01 02:37 0 431
    Ширек ғасырда еркін күрестен бір әлем чемпионын баптауға жарамадық...
    19/01 15:38 0 1387

    Таныстырылғандар

    Сәтті шыққан 17 той фотосы: "Мына той қашан бітеді?"
    Сәтті шыққан 17 той фотосы: "Мына той қашан бітеді?"
    Сәтті шыққан 17 той фотосы: "Мына той қашан бітеді?"
    Бұл сайысқа ең креативті әрі кәсіби шеберлігі жоғары фотографтар қатысып, бақ сынайды.
    Аудио тыңдау
    10/01/2019 21:41 0 1340
    Зорланған бойжеткен гинекологтың сұмдық ісін айтты: Жатырыма қайшы тығып жіберді
    Зорланған бойжеткен гинекологтың сұмдық ісін айтты: Жатырыма қайшы тығып жіберді
    Зорланған бойжеткен гинекологтың сұмдық ісін айтты: Жатырыма қайшы тығып жіберді
    Бойжеткеннің сөзінше, өткен жылдың мамыр айында үйіне отбасының танысы болған ер адам қонаққа келген.
    Аудио тыңдау
    11/01/2019 15:08 0 12330
    Қонаевтың өмірінде 2 санының қандай құпиясы бар?
    Қонаевтың өмірінде 2 санының қандай құпиясы бар?
    Қонаевтың өмірінде 2 санының қандай құпиясы бар?
    Өмірінің соңына дейін коммунистік идеяларға адал болғанына қарамастан, кітапханасында Солженицынның «Архипелаг ГУЛАГ» тарихи-көркем шығармасы болған.
    Аудио тыңдау
    12/01/2019 13:13 0 5461
    Түп тарихы түсініксіз елдер (фото)
    Түп тарихы түсініксіз елдер (фото)
    Түп тарихы түсініксіз елдер (фото)
    «Қазақта ұлттық мемлекет болмаған» деген теріскейдегі тарихи көршіміздің өз тарихы құпияға толы. Ал тарихшылар әлі бәр келісімге келе алмай жүр.
    Аудио тыңдау
    14/01/2019 12:43 0 3484
    Президент сайлауы: Трамптың бәсекелесі кім?
    Президент сайлауы: Трамптың бәсекелесі кім?
    Президент сайлауы: Трамптың бәсекелесі кім?
    Габбард президент Донльд Трамппен күресуге дайын бірнеше демократ дайындады.
    Аудио тыңдау
    14/01/2019 14:20 1 1046
    Елбасы: Құдай бар жалғыз, одан басқа ешкім жоқ (видео)
    Елбасы: Құдай бар жалғыз, одан басқа ешкім жоқ (видео)
    Елбасы: Құдай бар жалғыз, одан басқа ешкім жоқ (видео)
    Осы жағына көңіл аудару керек
    Аудио тыңдау
    14/01/2019 17:53 0 1041
    Сағынтаев министр Қасымовтың жұмысын сынға алды
    Сағынтаев министр Қасымовтың жұмысын сынға алды
    Сағынтаев министр Қасымовтың жұмысын сынға алды
    Бақытжан Сағынтаев кезекті үкімет отырысы барысында министрлердің жұмысына көңілі толмай отырғанын айтты
    Аудио тыңдау
    15/01/2019 14:55 0 3809
    Есектер империясы һәм адамдар патшалығы
    Есектер империясы һәм адамдар патшалығы
    Есектер империясы һәм адамдар патшалығы
    Әлішер адамды ешектей жегіп  қара күшін емес, оқытып, көзін ашып миын пайдалана білді. Себебі қоғамда есектер онысыз да көп.
    Аудио тыңдау
    16/01/2019 10:15 0 1158
    Ауыз қуысы арқылы анықталған айғақ: Гитлердің cүйегі қайда?
    Ауыз қуысы арқылы анықталған айғақ: Гитлердің cүйегі қайда?
    Ауыз қуысы арқылы анықталған айғақ: Гитлердің cүйегі қайда?
    Гитлер мен Ева Браунның жерленген мәйітінің күлге айналған барлық қалдықтары 70-жылдары Юрий Андроповтың тікелей тапсырмасымен Бидериц өзеніне жіберіледі.
    Аудио тыңдау
    17/01/2019 12:19 0 3075
    Қазіргі қазақ әдебиеті антологиясын әлем тілдеріне кімдер аударады?
    Қазіргі қазақ әдебиеті антологиясын әлем тілдеріне кімдер аударады?
    Қазіргі қазақ әдебиеті антологиясын әлем тілдеріне кімдер аударады?
    Аталмыш жоба аясында қазіргі қазақ әдебиетін БҰҰ-ның 6 тіліне аударуға байланысты «Ұлттық аударма бюросы» өткізген кезекті жиын Алматы қаласында өтті
    Аудио тыңдау
    16/01/2019 19:24 0 1870
    Айда жасалған сәтсіз сынақ
    Айда жасалған сәтсіз сынақ
    Айда жасалған сәтсіз сынақ
    Адамзат тарихта тұңғыш рет Айда дақыл өсіруді бастады.
    Аудио тыңдау
    17/01/2019 17:32 0 2709
    Аты белгісіз авторлар: Брежневтің кітаптарын кім жазған?
    Аты белгісіз авторлар: Брежневтің кітаптарын кім жазған?
    Аты белгісіз авторлар: Брежневтің кітаптарын кім жазған?
    Леонид Брежневтің қауырт кезеңде ел басқара жүріп, кітап жазуға уақыты болмағаны түсінікті.
    Аудио тыңдау
    18/01/2019 15:30 0 2269
    Мәриям Жәгорқызы ғашық болған Дудар - Дүйсен емес
    Мәриям Жәгорқызы ғашық болған Дудар - Дүйсен емес
    Мәриям Жәгорқызы ғашық болған Дудар - Дүйсен емес
    Қорғалжын өңірінде Мәриям атты орыс қызына үйленген екі қазақ жігіті болған.
    Аудио тыңдау
    18/01/2019 21:40 0 2717
    "Жеріміз қоқысқа айналмай тұрғанда Финляндиядан үлгі алайық!"
    "Жеріміз қоқысқа айналмай тұрғанда Финляндиядан үлгі алайық!"
    "Жеріміз қоқысқа айналмай тұрғанда Финляндиядан үлгі алайық!"
    Финляндия мемлекетті қоқыстардан тазартуға және оны лайықты пайдалануға тырысады.
    Аудио тыңдау
    19/01/2019 12:50 0 837