Орынбасары ұсталған Бозымбаев орнын босата ма?

Орынбасары ұсталған Бозымбаев орнын босата ма?
Ⓒqamshy.kz collage

Баяғыда миллиондап жегендерді естуші едік, қазір миллиардты «ап» деп асай салатындарға етіміз үйренді. Тамағымызға тұрып қалады-ау дейтін біреуі болсашы. Қаншасын қамады – тыйылатын түрі жоқ: бір басын кессең, екіншісі өсіп шығатын ертегілік айдаһардай аузына түскенді жалмап жатыр. Ертегі демеске лаж бар ма, небір қиял-ғажайыпқа куәміз.

Әңгімені әріден бастайық. Бірер күн бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы энергетика вице-министрі Ғани Сәдібековті тұтқындады. Тергеу мәліметіне сүйенсек, Сәдібеков «Аймақ» мердігер ұйымының басшысы Д. Дуанбекпен астыртын сөз байласып, Щучинск-Бурабай шипажайы аймағындағы көлді тазалауға бөлінген мемлекет қаржысын жымқырған. Қолды болған 1 миллиард теңге тінту кезінде тәркіленді.

Бағынышты орынбасары осылай ұсталып жатқанда бастығы не істеу керек еді? Егер азаматтық ұстанымы айқын, мемлекетшіл тұлға болса, кісі бетіне қарай алмай, кірерге тесік таба алмай қалуы керек еді. Ондай ұяты күшті адамдар күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылар еді. Кінәсіздігіне ешкім күмән келтірмесе де, өз еркімен дереу отставкаға кетер еді. Өйткені қоластындағы қызметкерінің жемқорлық айыбымен тұтқындалуы – бетке салық, сүйекке таңба, жусаң кетпейтін қара дақ. Мансабынан бас тартуға соның өзі жеткілікті.

Ал энергетика министрі Қанат Бозымбаевтан ондайды байқамадық. Орынбасарының істі болғанында ісі жоқ па, әлде үйінде қара жамылып қайғырып отыр ма, әйтеуір міз баққан министрді көрмедік. Жалпы Бозымбаев пен Сәдібеков дуэтінің саяси сахнада жүргеніне сегіз жылдан асыпты. Оны дәлелдеп арамтер болғанша әлеуметтік желіні кезіп кеткен мына суретке назар аударайық.

Бозымбаев пен Сәдібеков

Қанат Бозымбаев 2009 жылдың 30 қарашасынан 2013 жылдың 20 желтоқсанына дейін Жамбыл облысының әкімі лауазымын атқарды. Ал Ғани Сәдібеков 2009 жылдың желтоқсанынан 2013 жылдың желтоқсанына дейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының жетекшісі, әкімнің орынбасары болды. Бозымбаев 2013 – 2016 жылдары Павлодар облысын басқарғанда Сәдібековті өзіне орынбасар етіп тағайындады. 2016 жылы 25 наурызда Бозымбаев энергетика министрі қызметіне кіріссе, 2016 жылы 3 мамырда Сәдібеков орынбасар болып шыға келді.

Бұл кездейсоқтық па? Біздің ойымызша, әсте олай емес. Екеуінің ілік-шатыстығы көзге бадырайып-ақ тұр. Сегіз жылда әбден сыралғы болғаны анық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына мынау – тегін «подсказка».

Биліктің қай бұтағына бұт артса да, артына мінгестіріп алатын Сәдібековтің не кереметі бар? Жамбыл облысын айтпай-ақ қояйық, күллі Кереку өңірінде, мұқым Энергетика министрлігінде Сәдібековтен басқа іске ілінетін ешкім табылмағаны ма?

Жарайды, жұмысына көңілі толса, соңынан сүйреп жүре берсін. Әркім өз лағын теке қоятын заман. Бірақ сенімді серігінің жай-жапсарын Бозымбаев мүлде білмеуі мүмкін емес. Сегіз жыл деген – адамды жаттап алатындай мерзім. Мейлі, білмейді делік. Сонда өз мекемесіндегі былық-шылықтан бейхабар бұл қандай министр? Танауының астында не болып жатқанын көрмейтін басшыны бір күн де ондай лауазымда ұстамаған жөн.

Негізі бізде бірінші басшының басын қорғап, бар кінәні орынбасардың мойнына іліп жіберетін үрдіс қалыптасқан. Жемқорлық айыбымен бастықтар емес, орынбасарлар жиі сотталатыны да сондықтан. Біреуді жазалау керек болса, ұсақ шенеуніктер шырылдап кете барады. Бұл – жалпы саяси жүйедегі ахуал.

Ал Бозымбаевтың жағдайында неге бұлай болды деп бал ашып, бас қатырмаймыз. Желідегі желауыздар неше түрліні қопсытып жатыр. Біз көргенімізді ғана айтамыз. Көргеніміз – кейінгі кездері бұл кісіге де орынбасар құтаймай қойды. Былтыр күзде еліміздегі жанар-жағармай тапшылығына байланысты Қанат Бозымбаевқа сөгіс жарияланып, оның орынбасары Әсет Мағауов қызметінен босатылған. Мемлекет басшысы Бозымбаевпен кездесу барысында: «Тез арада төртінші зауыт салу қажеттігін айтқан кезде, сіздер оның қажет еместігін, бізде жанар-жағармай жеткілікті болып, қайда жіберерімізді білмей қалатынымызды айтып, дәлелдедіңіздер. Үкіметтің ұсынысымен мен сізге сөгіс жарияладым. Бұл деген – қызметтен босатумен бірдей шара», – деді. Сонда Бозымбаев ойланса керек еді. Ол орайлы сәтті өзінше пайдаланып қалды. «Менің тағдырым президенттің қолында», – деп Елбасыға адал берілгенін көрсетіп бақты. Өйтіп мәймөңкелемей, азаматтық танытып отставка сұраса, біз білетін президент бетін қайтармас еді.

Энергетика министрі сарай интригасымен айналысқанша неге халықтың мәселесін шешуге бас қатырмайды деп қынжыласың осындайда. Күзде жанар-жағармай тапшылығына жол берген кім? Бозымбаев. Қыстың қақ ортасында көмір тапшылығына жол берген кім? Бозымбаев. Осыған тікелей жауапты болған соң кінәсін мойындаса жақсы ғой. Жоқ, ол біресе «көмір тапшы деген – жалған сөз» деп халықты өтірікші қылды, біресе жергілікті әкімдіктерді айыптады. Әйтеуір өзіне шаң жуытпай қойды. Қазақстан – әлемде жан басына шаққанда көмірді ең көп өндіретін ел. Бозымбаев энергетика министрі ретінде жоқтан бар жасаудың орнына, бардың өзін ұқсата алмады. Ендігісі мынау. Қайда барса да қасынан тастамайтын жанторсығы жемқорлық айыбымен тұтылып жатыр.

Айтпақшы, жақында президент Қанат Бозымбаевқа жариялаған сөгісті алып тастады. Арада үш күн өтпей жатып орынбасары тұтқындалды. Желдің қай жақтан соғып тұрғанын ішіңіз сезген шығар. Бұдан кейін Бозымбаев қызметінен кете ме деп сұраудың өзі қисынсыздау сияқты. Ертегі демей көр енді.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 1 жыл бұрын

    Халқын қысай бозартып тоңдырған Бозынбаев булай құтылып кетпесін !

    • 1 жыл бұрын

      Басшыларды жесін мағанда берсін жеп деп басшы қояды. Оларды бастық солай тəрбиелеп бар ар ұжданы арманы-жұмысы Түгел үптеп сүптеп халықтың несібесін - БЮДЖЕТТІ ЖЕУ, кəлəміш(крыса) сыяқты қапты тесіп опырып жеу. Онан соң күштісі əлсізінің көтін тесіп жеу, жəне жеу. Осындай халықты қан қақсатып су мен кебекке таңып қойу. Бұл жерде нағыз демократ болса, франция, жапония сыяқты һаракери жасап минстр, өкімет, депутаттар Ел басымен қоса түгел кетуі керек. Халық та солай үкім шығаруы керек.

      • 1 жыл бұрын

        Көмірды қыс қылып жіберіп еді ?

        1
        Ардақ Әшім: “Әблязов қазақстандықтардың саяси білімін ашты”
        26/05 04:31 0 51
        2
        Қарағандыдағы оқыс оқиға: қала әкімі қаза тапқан баланың жанұясына көңіл айтты
        26/05 03:44 0 435
        3
        Илон Маск әлемге тегін интернет тарату жұмысын бастады(видео)
        26/05 02:19 0 191
        Биылғы Канн фестивалінің жеңімпаздары анықталды. Жүлдегерлер қатарында кімдер бар?
        26/05 01:49 1 200
        Ғалымдар Мона Лизаны тірілтті(видео)
        26/05 01:47 0 326

        Таныстырылғандар

        6 жастағы бала жұртты таң қалдырды (Видео)
        6 жастағы бала жұртты таң қалдырды (Видео)
        6 жастағы бала жұртты таң қалдырды (Видео)
        Видео аяқталар тұста да әуесқой автор балаға ұзақ ғұмыр тілеп, балаға діни сауаттылығын жоғарылата беруді тапсырады.
        Аудио тыңдау
        22/05/2019 00:16 0 7196
        Әкесінің қарызы үшін қызын ұрлап кеткен (видео)
        Әкесінің қарызы үшін қызын ұрлап кеткен (видео)
        Әкесінің қарызы үшін қызын ұрлап кеткен (видео)
        Қыздың анасына қоңырау шалып, 110 мың теңге талап етіпті
        Аудио тыңдау
        23/05/2019 03:35 0 974
        Италияда апатқа ұшыраған қазақстандықтар туралы СІМ мәлімдеме жасады (видео)
        Италияда апатқа ұшыраған қазақстандықтар туралы СІМ мәлімдеме жасады (видео)
        Италияда апатқа ұшыраған қазақстандықтар туралы СІМ мәлімдеме жасады (видео)
        Қазақстан сыртқы істер министрлігі зардап шеккендер арасында қазақстандықтар барын растады
        Аудио тыңдау
        23/05/2019 09:57 0 568
        ШҚО әкімі қытайларға 40 мың гектар жер беретін болды
        ШҚО әкімі қытайларға 40 мың гектар жер беретін болды
        ШҚО әкімі қытайларға 40 мың гектар жер беретін болды
        Бұл туралы облысқа ресми сапармен келген Шыңжан Ұйғыр автономиясы, Халық үкіметі төрағасының орынбасары Чжао Чунцзюмен кездесуде аймақ басшысы Даниал...
        Аудио тыңдау
        23/05/2019 14:54 0 23824
        Қазақстанның қос президенті Қытайда танысқаны рас па?
        Қазақстанның қос президенті Қытайда танысқаны рас па?
        Қазақстанның қос президенті Қытайда танысқаны рас па?
        Назарбаев: Оны жан-жақты зерттеу қажет, дос ретінде, жолдас ретінде, неге қызығатынын білу керек
        Аудио тыңдау
        24/05/2019 10:27 1 6944
        Мао Цзэдун өмірінде тісін жумаған. Құпиясы неде?
        Мао Цзэдун өмірінде тісін жумаған. Құпиясы неде?
        Мао Цзэдун өмірінде тісін жумаған. Құпиясы неде?
        Маоның тағы бір ерекшелігі – жуыну мен ұйықтауды босқа уақыт жоғалту деп санауы. Ол тәулігіне төрт сағаттан артық ұйықтамаған.
        Аудио тыңдау
        24/05/2019 10:52 1 3817
        Алматыда педофил сауда орталығында ұсталды
        Алматыда педофил сауда орталығында ұсталды
        Алматыда педофил сауда орталығында ұсталды
        Алматыда сауда орталықтарының бірінді 32 жастағы ер адам 7 жастағы қызды зорлауға әрекеттенді
        Аудио тыңдау
        24/05/2019 11:01 0 882
        Бұл қорлыққа қазақ қана төзеді
        Бұл қорлыққа қазақ қана төзеді
        Бұл қорлыққа қазақ қана төзеді
        Ал Ресейдің де, Қазақстан билігінің де бұл қорлығына қазақтан басқа ешбір ұлт төзбейді.
        Аудио тыңдау
        24/05/2019 13:27 0 293
        Сириядан оралған азаматтар қамауға алынды
        Сириядан оралған азаматтар қамауға алынды
        Сириядан оралған азаматтар қамауға алынды
        Оларды жақында Сириядан «Жусан-2» арнайы операциясы барысында алып келген.
        Аудио тыңдау
        24/05/2019 13:33 0 589
        Лукашенко қазақ мұнайына көз тікті (видео)
        Лукашенко қазақ мұнайына көз тікті (видео)
        Лукашенко қазақ мұнайына көз тікті (видео)
        Беларусь президенті Александр Лукашенко сапасыз мұнайдан елдің "орасан зор" зардап шеккенін айтып, Ресейден өтемақы күтетінін жеткізді.
        Аудио тыңдау
        24/05/2019 14:38 0 1600
        Зеленский отставкаға кете ме?
        Зеленский отставкаға кете ме?
        Зеленский отставкаға кете ме?
        Украиналықтар Зеленскийдің отставкаға кетуін талап етуде
        Аудио тыңдау
        24/05/2019 15:10 0 3791
        Жұмыртқа сайлауға шақырады
        Жұмыртқа сайлауға шақырады
        Жұмыртқа сайлауға шақырады
        9 маусым күні сайлауға шақырып жатқан тауық жұмыртқасы көрсетілді
        Аудио тыңдау
        24/05/2019 15:30 0 587
        Бұрынғы заманды басқа қырынан көрсететін 22 сурет
        Бұрынғы заманды басқа қырынан көрсететін 22 сурет
        Бұрынғы заманды басқа қырынан көрсететін 22 сурет
        Шкаф түріндегі төсек, күйзеліспен күресуге арналған арнайы таңғыштар, компьютерлер шеруі...
        Аудио тыңдау
        24/05/2019 16:58 0 1219
        Біз балаларымызға бақытты болуды үйрете алмадық!
        Біз балаларымызға бақытты болуды үйрете алмадық!
        Біз балаларымызға бақытты болуды үйрете алмадық!
        Жаманаттың тамыры – ұғымдардың шатысуында. Бақыт туралы ойымыз қате боп шықты, оған қалай қол жеткізу керегін де дұрыс білмедік.
        Аудио тыңдау
        24/05/2019 21:44 0 327
        Данияр Елеусіновтың кәсіпқой бокстағы жетінші қарсыласы анықталды(видео)
        Данияр Елеусіновтың кәсіпқой бокстағы жетінші қарсыласы анықталды(видео)
        Данияр Елеусіновтың кәсіпқой бокстағы жетінші қарсыласы анықталды(видео)
        Осыған дейін Даниярдың қарсыласы Мигель Замудио болуы тиіс еді, бірақ Мэрилен комиссия мүшелер мексикалықты алаңға шығуға жарамсыз деп тапты.
        Аудио тыңдау
        25/05/2019 06:23 0 2194