• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:17:43
Алматы
+35°

20 Шілде, 2017 NEWS

«Ордабасы» футбол клубы 500 млн. теңгеге сатылып кетті

Халық арасында екі жыл бойы жүрген қауесет ақыры шындыққа айналды

«Ордабасы» футбол клубы 500 млн. теңгеге сатылды. Электронды үлгіде жүргізілген саудаға салынған клубты алуға 3 бірдей үміткер ықылас білдірген. Олардың қатарында «БИИК» Спорт сервис», «Намыс» спорт орталықтары және жеке тұлға бар. Бастапқы баға 248 млн. болып белгіленген, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі kk.tvk-uko.kz сайтына сілтеме жасап.

Халық арасында екі жыл бойы жүрген қауесет ақыры шындыққа айналды - Қазақстанның премьер-лигасында ойнайтын жалғыз футбол клубы оңтүстікқазақстандық «Ордабасы» жекешелендірілді.

«Ордабасы» кәсіби футбол клубы» акционерлік қоғамының сатылуы жөніндегі ақпарат бұған дейін gosreestr.kz мемлекеттік мүлік реестрі сайтында пайда болды. Бастапқы баға 248 млн. теңге көлемінде белгіленген. «Ордабасылықтарды» иелену құқығы үшін үш кандидат, атап айтқанда, «БИИК» Спорт сервис», «Намыс» спорт орталығы және жеке тұлға таласты. Олардың қайсысы рекордты 502 млн. теңгені төлегендігін облыстық Қаржы басқармасы нақтыламады.  

«Бүгін тендер өтті. - Сатып алушы кім болды? - Бұл ақпаратты басшылықпен келісу керек. - Яғни бұл ақпарат жария етілмейді ғой? - Иә, әзірге келісімшарт жасасқанымыз жоқ. Ол әлі де бас тартуы мүмкін»,- деп мәлім етті ОҚО Қаржы басқармасының маманы. 

«Ордабасы» футбол клубы 1998 жылы «Томирис» атауымен құрылған болатын. 2003 жылы қазіргі атауына ие болды. Қазақстанның жалпы турнирлік кестесінде үшінші орында орналасуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір