• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 01:01:29
Алматы
+35°

28 Наурыз, 2018 NEWS

Оралда ер адам басына мұз құлап қайтыс болды

Ер адам есін жимастан оқиға орнында қаза тапты.

Қайғылы жағдай бүгін сағат 12-де Киров аялдамасының ауданында болды. Ер адам есін жимастан оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев мәлімдеді.

- Ғұмар Қараш көшесінде қайғылы жағдай болды. Орта жастағы ер адамның басына шатырдағы мұз құлаған. Жедел-жәрдем екі минутта жетті, алайда ер адамның бақилық болғанын байқаған, - дейді Төсекбаев.

Қайтыс болған адамның жасы мен өзге де ақпараттар әлі анықталған жоқ.

Кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманова жедел-жәрдем қызметкерлері 11:58-де хабар алғанын айтты.

Әбдірахманованың айтуынша, жедел-жәрдем көлігі 12:00-де оқиға орнына жетті. Басы зақымданған ер адам ауруханаға апарар жолда көлік ішінде көз жұмған.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір