• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:03:28
Алматы
+35°

18 Маусым, 2018 Аймақтар

ОҚО: Жетісай қаласындағы тұрғын үйлер модернизациядан өткізілуде

Жетісай қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу жұмыстары жалғасуда

Жетісай қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу жұмыстары жалғасуда. Бұдан бөлек бірқатар көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілуде. Сондай-ақ, қаланы ауыз және ағын сумен қамту мәселелерінде түйткілдер туындамауы тиіс. Қала ішіндегі су қашыртқыларында тазалық сақтау үшін тоқтаусыз ағын су ағып тұруы қажет. Бүгін осы және өзгеде өзекті мәселелер Мақтарал ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың қатысуымен өткен аппарат отырысында әңгімеге арқау болды.

Жалпы Мақтарал ауданы бойынша 265 көпқабатты тұрғын үй бар. Соның ішінде 214 тұрғын үй кондоминиум ретінде тіркеуге жатады.  Аталған тұрғын үйлердің 109-ы Жетісай қаласында, 14-і  Атакентте,  14-і  Мырзакентте орналасқан.  2014 жылы Жетісай қаласындағы 3, 2017 жылы Мырзакенттегі 9, Атакент кентінде 2, Асықата кентінде 7 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілген.

«Ендігі мәселе – тұрғын үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу. Бұл өте ауқымды жұмыс. Сондықтан ең алдымен көпқабатты тұрғын үйлерге  вакумды су сорғыш қондырғалары орнатылуы қажет. Сонда ғана кәріз жүйелеріне қосылу жұмыстары нәтижелі болмақ», -  деді Жамантай Қанайұлы.

Жиын барысында Жетісай қаласын 24 сағат ауыз сумен қамту мәселесі де талқыланды. Ол үшін 9 скважинаның жұмысын күнделікті қадағалауға алып, тозығы жеткен су жүйелерін жаңалау қарастырылуда. Осы жайттарға тоқталған аудан әкімі қаладағы сантитарлық тазалыққа да аса ден қою қажеттігін ескертті. Бұл ретте әр сенбі сайын өткізіліп келе жатқан сенбіліктердің нәтижелігін қадағалауды тиісті сала басшыларына тапсырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір