• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:48:20
Алматы
+35°

31 Тамыз, 2017 NEWS

ОҚО кәсіпкерінің клиенттері түйенің зәріне кезекке тұруда

Халық қазір «Емдік қасиеті мол» деп, өркешті жануардың зәрін де сұрап келетін болған

Ауыл шаруашылығына қатысты бизнесті ауыл түгілі, қалада да шебер игеруге болады. Шымкенттегі Бозарық елдімекенінде қора-қора түйе бағылатын шаруа қожалығы бар. Бекжан Жүнісбеков баптаған ойсылқара төлінің сүтіне бүгінде сұраныс жоғары. Шұбат көп дертке шипалы ем, нәрлі сусын екенін былайғы жұрт жақсы біледі. Халық қазір «Емдік қасиеті мол» деп, өркешті жануардың зәрін де сұрап келетін болған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақстан-Шымкент арнасына сілтеме жасап. 

Шағын атырапта шағын бизнестің басталғанына небары 3 ай. Соған қарамастан, мұнда таң жиегі сөгілмей келушілердің қатары қалың...

Ия, дәл осы түйе сүтінің дәмін тату үшін жергілікті тұрғындар мұнда таңғы 6-дан бастап кезекке тұрады. Көптеген ауруларға мыңнан бір ем болған бұл сусынның ұлт саулығы үшін пайдасы мол. Әрі сусын, әрі тамақ. Ғалымдардың пайымынша, шұбаттың ұлттық брендке айналуы да ғажап емес. Қымыранды жоғары технологиямен өңдеу ел экономикасына да көп септігін тизігеді деп күтілуде. 

СӘУЛЕ РАХМАНОВА – САУЫНШ"Таңертең 5 жарымнан 6-ға дейін сауылады. Түсте 1 жарымнан 2-ге дейін, кешке 7 жарымнан 8-ге дейін сауылады. Күніне 1 түйеден 5 литрге дейін сүт алынады. Түйенің сүтіне сұраныс өте көп, емдік қасиеті де мол", - деп айтады сауыншы Сәуле Рахманова.

Шұбаттың көмегімен  қатерлі ісік, Альцгеймер дерті, сары ауру, жоғары тыныс жолдары  ауруына шалдыққандар аяғына нық тұрған. Мұнда келушілер де  бойға ерекше күш-қуат бітіп,  ағзасында жеңілдікті байқай бастаған.  Зат алмасуы да  жақсара түскен.

Шымкент қаласының тұрғыны Ақжарқын Байдуллақызы бұған қатысты былай деп пікір білдірді: "15 күндей болды. Бауырым ауырады. Күйеуімнің өкпесіне суық тиген. Соның бәріне ішіп жатырмыз. Аллаға шүкір, жаман емес. Бұл кісілерге мың алғыс айтамыз. Осыншама халықты қамтып, 80-90 адамдай ішіп жатырмыз. Барлығы жақсы, таза условиялары. Одноразоввый стакандармен береді.

Бозарық елдімекенінің тұрғыны Хантөре Қасымбеков былай дейді: "Мен күнде таңғы" сағат 6-дан бастап түйенің зәрін, одан кейін сүтін ішіп, ем қабылдап жатырмын. Бірнеше күн болды, денсаулығым да дұрыс болып қалды. Көптеген аурулар мазалайтын еді, соның бәрі қойды. Басқаларға да ем болсын! Келіп, түйенің сүтін ішуге кеңес беремін. "

Қызжібек апа қант диабетіне шалдыққан. Бүйрегі де сыр берген. Естімеген елде көп... 1 ай көлемінде... түйенің зәрін ішіп, жеңе бастады. Дертіне дауа тапқан Пайғамбар жасындағы кейуананың кәсіп иелеріне айтар алғысы шексіз.

"10 жыл болды қант диабетімен ауырғаныма. Естіп, осында келдік. 10 күндей ем қабылдадым. Емі 40 күндей екен. Түнде өте көп далаға шығушы едім, қазір ондай жоқ. Шаршаңқырайтынмын, ұйықтай беретінмін, жатып қалып. Қазір бойым сергек, өте жақсы сезінемін өзімді", - дейді емделуші Қызжібек Байманасова.

Ел алғысын арқалаған ердің болашаққа жоспары мол. Қазір тұтынушылар үшін 20 орындық жатын бөлмесін сайлаған.  

"Бүгінгі таңда қала тұрғындары осында келіп, ем қабылдап жатыр, Бозарық елдімекенінде ашқанбыз. Бауыры ауыратындар, А, В, С гепатитіне шалдыққандар, рак ауруына ұшырағандар 40 күнде жазылып, емделіп кетті. 00:03:43 Әкімшілік тарапынан қандай да болса бір қолдау көрсетілсе, осы малды көбейтіп, 50 басқа дейін жеткізу жоспарда бар", - дейді жеке кәсіпкер Бекжан Жүнісбеков.

Жеке шаруа қожалығы  дерт дендегеннің де, жұмыс іздегеннің де сұранысын қанағаттандырып отыр.  Мұнда 5 адам жұмыспен қамтылған.  Бірі  таңертеңнен түйені тұрғызып,  әрқайсысынан 1 литрден зәр жинайды. Онысы... өт жолдарының қабынуына, асқазанға пайдалы білем.    Келесі жұмысшы түлікті  құнарлы шөп,  шипалы тікенге апарып жаяды.  Айдап келіп,  сауады. Ал, шұбаттың бабы, елге қызметтің қамы – кейінгі мамандарда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір