• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Мамыр, 02:08:25
Алматы
+35°

23 Наурыз, 2018 NEWS

ОҚО-да «зорланған» 7 жастағы балаға қатысты жаңа деректер белгілі болды

Қоғам қайраткері Аружан Саин өзінің Facebook парақшасында Абай ауылының 7 жастағы тұрғынына қатысты ақпарат жариялады

Қоғам қайраткері Аружан Саин өзінің Facebook парақшасында Абай ауылының 7 жастағы тұрғынына қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«ОҚО Абай ауылындағы 7 жастағы балаға қатысты жаңа деректер:

1 Бала мен оның анасы бүгінде Алматы қаласында, мемлекеттің қамқорлығында әрі қауіпсіз жерде отыр. Оларды Алматы қалалық полиция қызметкерлері өз бақылауына алған.

2 Жақын арада ҚР Бас прокуратурасы тергеу жұмыстарын бастауды көздеп отыр, Бауыржан Азанов есімді адвокат тергеу органдары қызметкерлерімен бірге дайындық жұмыстарын жүргізуде.

3 Жасөспірімдер мен ересектерге зорлық көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып жатқандықтан, барлық сот отырыстары жабық түрде болады және тергеу нәтижелеріне қатысты қандай да бір ақпаратты ҚР Бас Прокуратурасы ғана мәлімдей алады.

4 Сонымен қатар сараптама нәтижелеріне қатысты шын әрі объективті медициналық сараптама жасау үшін шетел сарапшыларымен келісім жүргізілуде. Сарапшылардың тізімін баланың адвокаты келесі аптаның басында айтатын болады.

5 Баланың анасы Астанада суық тиіп, сырқаттанып қалған екен. Қазір ол өзін жақсы сезінеді.

6 Зорлық көрген баланың отбасын қолдап, көмек көрсеткен және отбасы мен адвокаттың барлық шығынын өтеген азаматтарға алғысымыз шексіз. Сонымен қатар, Айдын  мен Анар Рахымбаева, Дана Алтынбекова, Санжар Боқаев, Еркін мен Әсел Тәтішева, Мүсір Құрманғазы есімді азаматтарға және басқа да көмек көрсеткен адамдарға көп рақмет.

Өтте маңызды! Заңгердің көмегі немесе басқа да шығындар ешкім арнайы қаржы жинаумен айналысып жүрген жоқ. Егер кім де кім көмек қолын созамын десе, Татьяна Семенова, Адель Самит және Жанна Ахметова деген кісілерге хабарласуына болады.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары ұзақ уақыт алатынын білеміз, біз сабыр сақтап күтуіміз қажет. Ең бастысы, бәрі әділ жолмен шешілсе болды.

Барлығыңызға алғыс білдіремін!» - деп жазады Аружан Саин.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір