• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:30:53
Алматы
+35°

21 Наурыз, 2017 NEWS

ОҚО-да депутаттар төбелесі: басшылар не бөлісе алмады?

Оңтүстік Қазақстан облысында екі мәслихат депутаттарының арасында орын алған жанжал бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы

Оңтүстік Қазақстан облысында екі мәслихат депутаттарының арасында орын алған жанжал бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы «Қамшы»  порталы «Қазақпарат»-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Түлкібас ауданының депутаттарына байланысты «Денеге зақым келтіру» Қылмыстық кодексінің  107 бабы  бойынша тергеу жүргізілуде.

17-18 наурыз күндері Түлкібас АІІБ-на екі азамат тарапынан арыз түскен. Аталған ауданның екі депутаты Утепбай Маткаримов пен  Айтбек Меңлібеков екеуара жанжал, төбелес нәтижесінде  бірі жүрек талмасы, екіншісі ми шайқалу фактісі бойынша ауруханаға түскен.

Утепбай Маткаримов бұрынырақ аудан әкімінің орынбасары қызметінде болса,  Айтбек Меңлібеков Ақсу-Жабағлы мемлекеттік қорығының директоры қызметінде.

Құқық қорғау органдары екі депутат арасындағы жанжалдың себептерін анықтауда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір