• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:08:32
Алматы
+35°

«Тірі»

Тірі дауыс,

Тірі музыка.

Аудармамыз

Болғаннан соң осындай,

Жауап береміз тосылмай.

Мысалы:

- Әнді қалай айттың,

Қалай барып қайттың?

- Десеңіз,

- Тірідей дауыспен айттым,

Тірідей көріп қайттым.

- Деп жауап береді,

Екінің бірі.

Сөзіміз,

Түйеден түскендей ірі.

Өйткені орысшаға

Қолдан бұрып,

Қазақшаны жүрміз

Аузына «ұрып».

Әй, сонда да,

Өлмей келе жатқан

Қазақ тілінің де жаны сірі.

 

Жемқорлық-...қорлық.

Дағдарыстан аман өту үшін,

Өркениеттілікке жету үшін.

Шылқып баюымыз,

Былқып тоюымыз керек.

Сосын дамуды

Жолға қоюымыз керек,

- Деп бәріміз дүрлігіп,

Сүрініп-қабынып сүрлігіп.

Кедейшілікке қарсы

Майдан ашып,

Кірістік жеуге ашық.

Арамза алпауыттар асап,

Арсыздар жеңгетайлық жасап.

Алаяқтар жұртты алдап,

Суайттар жанын жалдап.

Ұрылар бір жерден жымқырып,

Жымқыра алмаса қымқырып.

Сыбайластар ұйымдасып,

Айлакерлер жалған ұйым ашып.

Жалақорлар жала жауып,

Делдалдар пайда тауып.

Парақорлар пара алып,

Тоқетері-

-жемқорлықтың түр-түрі

Бара жатыр таралып

О, тоба!

Еңбек етпей ішіп-жеу,

Болмай қалды жаңалық.

                ***

Оу, ағайын!

Адалдап асымызды

Жейік те талғап-талмап.

Әйтпесе ақырында,

Өзімізді өзіміз

Қоярмыз бір күн жалмап.

 

Тілемізік

Орысша сөйлегеннен

Мүйіз шықса

Қазаққа шығар еді...

Бірақ әлі шыққан жоқ

Сонда да мұны

Көкелеріміз ұққан жоқ.

Сондықтан бара жатыр үніміз өшіп,

Пұшаймандықпен күніміз өтіп.

Жоғарыда

Оны ойлар адам жоқ,

Өз ұлтының арқасында

Жүргені адам боп

Бірінің де қаперіне кірмейді

Анасының тілін көзіне ілмейді.

Ағылшынша үйреніңдер,

Американдық күйге еніңдер.

- Деп тілі шықпаған баланы оқытпақшы,

Батысша былдырлатып шоқытпақшы.

Қысқасы резеңке емізікпен емізіп,

Аузына салмақшы тілемізік.

Әй, бірақ жасандылық нәр бере ме?

Ойы шатылып бұзылған бала

Өскен соң әкесіне әл бере ме?

 

Әлдекімге

шымшымалар

Мәдениет қайраткері атанған –

Шынымен қайраткер ме?

Кейбіріне қарасаң...

Ұқсайды

Мәдениетсіз «қайраткерге»

***

Атанған құрметті азамат

Халыққа құрметті ме?

Кейбіріне қарасаң...

Сатып алған сияқты «құрметті» де.

***

Жұлдыздар жайлы жазып бір бет,

Жазушымын деп дәметіп жүр

құрмет.

                   ***

Болғаннан соң «атақты»,

Атақтымын деп,

Шығарып жүр шатақты.

                   ***

Кадрдан кадр таңдайды,

Сөйтіп,

Құлқынның қамын ойлайды.

                   ***

Иттің өзі тойса да, көзі тоймайды,

Өйткені,

Ит иттігін қоймайды.

                   ***

Оқымаса да өмірінде газетті

«Шындықты жазған

Журналист көрмедім» деп сөз етті.

 

 Күләш Керімбекқызы

 Қостанай қаласы

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір