• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:52:22
Алматы
+35°

08 Тамыз, 2018 Саясат

Қытайдың цензуралық комитеті Диснейдің әйгілі мультфильм хикаясы «Winnie the Pooh»-тың (Аю Winnie) бейімделген «Christopher Robin» фильміне тыйым салды. Оппозиция президент Си Цзиньпинге ұқсатқан  Winnie the Pooh Қытайда жылдар бойы шектелген.

Си алғаш рет 2013 жылы сол кездегі АҚШ президенті Барак Обамен кездескен АҚШ сапарында Дисней кейіпкеріне ұқсатылған.

Ірі денелі талпақ Си мен ұзын бойлы Обаманың бірге түскен фотосымен Winnie the Pooh және Қабылан Tigger-дің 100 гектар Орманындағы жүрісі арасында ұқсастық көрінген.

Кейінірек Сиға қарсы көзқарастағылар үшін Winnie the Pooh Сиға  қарсы қолданылған бір символға айналды. Бұлай ұқсату әлеуметтік желіде белең алған соң Цензуралық комитеттің шешімімен тыйым салынып, толықтай өшірілген.

Қытай тіпті өткен айда пародист Джон Оливердің Сидың Winnie the Pooh қырын тақырып еткен әзіл-сықағынан кейін бағдарламаны көрсеткен АҚШ-тың HBO каналы сайтына шектеу қойған.  

Global Risk Insights деп аталатын халықаралық Тәуекелдерді талдауды ұйымы бір әскери шарада тағы Аю Уиннеге ұқсатылған Си бейнеленген коллаж 2015 жылы мемлекетте ең көп цензураға түскен фотосурет болды дейді. Аталған ұйым Қытай президентінің мультфильм кейіпкеріне ұқсатылуын Қытай президент әкімшілігі Си Цзиньпинді беделден айыруға бағытталған елеулі шабуыл ретінде қарайтынын мәлімдеген.

Қытай жыл сайын тек 34 шетелдік фильмге рұқсат етеді. Сондықтан АҚШ және басқа елдерде жасалған фильмдер Қытай нарығына кіре алмайды деп жазады BBC. Christopher Robin Қытайда биыл цензураға түскен екінші Дисней фильмі болып отыр. Бұған дейін қытай Wrinkle in Time атты фильмге де тыйым салған.  

Қытай Әлемдегі ең қатаң цензура қоятын ел болып табылады. 2016 жылдың қарашасында Қытай халық республикасы әлеуметтік желілерде Корей Халық Демократиялық Республикасы президенті Ким Чен Ынмен физикалық ерекшеліктеріне, жеке басына байланысты мазақ пен әзіл айтылуына тыйым салды. «Ким – үшінші семіз» сөзіне ресми цензуралық шектеу келді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір