• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 10:02:24
Алматы
+35°

Ержан Максим Украинада өтіп жатқан "Голос. Дети" жобасының финалына өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Байқау финалында Иван Стариков, Ержан Максим, Ислам Балкоев үшеуі Муслим Магомаевтың «Синяя вечность» әнін орындады. Үш өнерпаздың арасынан Валерий Меладзе Оралдық 11 жасар  Ержан Максимді таңдады.

Финал кезінде бір ғажайып оқиға болды. Ержан ән орындап жатқанда, сахнадағы стақанның бірі шытынап, сынып кетті. 

Финал соңында қатысушылар соңғы әндерін орындады. Ержан Андреа Бочеллидің Ama credi e voi композициясын шырқады. Байқау тәлімгері Ержан мен Михаил Григорянды таңдады. Екі бала да Меладзенің жанына келгенде Валерий қазақстандықтың қолын алып, "Айналайын" деді. 

Ұсынған: Мақпал Сембай

Мақпал Сембай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір