• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:06:16
Алматы
+35°

01 Ақпан, 2019 Әлеумет

Оны қимай түрмедегі өмірге, мен отырмын өмір дейтін түрмеде

Умаждалып шимай-шимай əн-парақ, Гауһар кетті қиянатты қалқалап.

Умаждалып шимай-шимай əн-парақ, 
Гауһар кетті қиянатты қалқалап.
Алты ішекті гитарасын қалдырып,
Алты жылды арқалап.

Қызықпады атақ-даңққа, ақшаға,
Сол себепті хат жолдады патшаға.
Бұлбұлымды торға қамап ұстамай,
Жіберіңдер бақшаға.

Шенділер мен шекпенділер мерейлі,
Бұлбұлымды қарға дей ме? Не дейді?
Біздің елде жалаңаяқ жүргенді,
Алаяққа теңейді.

Жабы-жалған жүйріктерді қамшылар,
Күйінгеннен көздің жасы тамшылар.
Тірісінде тағдырынан таяқ жеу,
Таланттарға тəн шығар...

Оранбады үлде менен бүлдеге,
Бірақ, бəрі ғайбат сөйлеп жүр неге?
Оны қимай түрмедегі өмірге,
Мен отырмын өмір дейтін түрмеде.

Ершат Қайболдин

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір