• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:19:55
Алматы
+35°

03 Сәуір, 2018 NEWS

Оңтүстіктің ерікті жастары «Аутизмді жеңеміз!» акциясын өткізді

Бұл іс-шараның басты мақсаты – аутистикалық спектр ауытқулары бар адамдарды қоғамдық қолдау.

Оңтүстіктің бір топ жастары 2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай «Аутизмді жеңеміз!» акциясын өткізді. Облыстық Жастар ресурстық орталығының «Бізбен бірге» еріктілер тобының 100-ге тарта мүшесі мен қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері облыстық орыс драма театрының алаңына жиналды. Жастар аутизм туралы ақпарат таратып, аспанға шарлар ұшырып, арнайы видероликтер көрсетті.

Акцияны ұйымдастыруға белсене қатысқандардың бірі Айсұлу Мұсабаеваның айтуынша, бұл іс-шараның басты мақсаты – аутистикалық спектр ауытқулары бар адамдарды қоғамдық қолдау.

«Әлемдік сараптама бойынша аутизммен ауыратын балалардың саны өсіп келе жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік бағдарламаларды көбейтуге шақырып, олар өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне көмектескіміз келеді. Өзімізді оларға және ата-аналарына үміт отын сыйлаушысы ретінде көреміз», - дейді ОҚМПУ-дің студенті Айсұлу Мұсабаева.

Айта кетсек, аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі. Ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, баланың дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды «ерте балалық аутизм синдромы» деп атайды. Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса, оны «аутистикалық тұлғалық қасиеттер» деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.

Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша, орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан бала осы дертке шалдығады. Тұқым қуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге, аутист балаларда мидың органикалық зақымдалу жағдайы да жиі кездеседі.


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір