• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:41:14
Алматы
+35°

06 Қазан, 2018 Әлем

Оңтүстік Кореяның экс-президенті сотталды

Прокуратура бұрынғы президентті 20 жылға соттауды сұраған. Ли Мен Бактің өзі сотқа қатыспады.

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ли Мен Бак сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталып, 15 жылға сотталды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Сеул соты оған сонымен қатар 11,5 миллион доллар көлемінде айыппұл салды.

Прокуратура бұрынғы президентті 20 жылға соттауды сұраған. Ли Мен Бактің өзі сотқа қатыспады.

76 жастағы Ли Мен Бак Оңтүстік Кореяны 2008-2013 жылдар аралығында басқарған. Биыл көктемде ол Samsung компаниясынан пара алды деп айыпталған. Оған сонымен қатар салық төлеуден жалтарды, билікті теріс мақсатта пайдаланды және сайлау заңын бұзды деген айып тағылған.

Былтыр Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хе пара алды және билікті теріс мақсатта пайдаланды деген айыппен 24 жылға сотталған. 2009 жылы елдің экс-президенті Но Ху Мен сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталған соң өзіне қол салған. Қазір Оңтүстік Кореяны Мун Чжэ Ин басқарады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір