• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 03:35:49
Алматы
+35°

03 Шілде, 2018 Экономика

Оңтүстік Корея мұнайды Ираннан емес, Қазақстаннан алатын болды

Оңтүстік кореялық мұнай өндіруші зауыт АҚШ санкциялары әсерінен Иранның мұнай импортынан бас тартып отыр.

Оңтүстік Кореядағы мұнай өндіруші зауыт АҚШ санкциялары әсерінен ирандық мұнайдан бас тартып отыр. Бұл шешім 2018 жылдың қарашасында күшіне енеді. Құжат күшіне енген бойда Оңтүстік Корея мұнайды ендігі Қазақстаннан импорттайтын болады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Оңтүстік Корея 2018 жылы мұнайдың CPC Blend сортын 2017 жылға қарағанда төрт есеге көп импорттаған. Енді Азияның негізгі қолданушысы ирандық мұнайды қазақстандық мұнаймен алмастырмақшы. 

"Әлемдік мұнайдың үш пайызын пайдаланатын Оңтүстік Корея мұнайдың CPC Blend сортын сатып алады. Себебі АҚШ-тың Тегеранға қатысты санкцияларының әсерінен Ираннан импорттаудан бас тартты", - делінген агенттіктің хабарламасында.

Оңтүстік Кореяға CPC Blend мұнайын жеткізу мөлшері максималды деңгейге жетті, есесіне ирандық импорт азайды. Агенттіктің дерегіне сәйкес, шілдедегі көрсеткіш 284 000 баррельге жеткен екен.

2018 жылдың қаңтары мен шілдесі аралығында Оңтүстік Корея 4 млн тонна CPC Blend сатып алды. Нәтижесінде 2018 жылы Каспий құбыр желісі бірлестігінің қуаты тәулік ішінде 20 пайызға, яғни 67 млн тоннаға немесе 1,4 млн баррельге артты. Соның арқасында экспорт көлемі артып, бағасы төмендеуі тиіс. Азиялық сарапшылардың сөзінше, CPC Blend сортының сапасы ирандық шикі мұнайдан әлдеқайда жоғары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір