• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 11:20:22
Алматы
+35°

27 Сәуір, 2018 Әлем

Оңтүстік Корея мен КХДР бірігуі мүмкін

Өткен аптада Ким Чен Ын КХДР ядролық және зымырандық сынақтарды 21 сәуірден бастап тоқтатты деп мәлімдеді.

Сеул әкімшілігінің арнайы өкілі КХДР мен Оңтүстік Корея президенттерінің кездесуі барысында не жайлы әңгімелескенін айтты. Екі ел президенті шекара пунктінде кездескен болатын. Бұл жайында Риа Новости хабарлайды.

Дереккөздің мәліметінше, Корей түбегінің ядролық қарусыздануы, оңтүстік пен солтүстік арасындағы қарым-қатынасты дамыту бағыттары туралы «шынайы диалог» болған.

Бірнеше сағат бұрын КХДР президенті мен Оңтүстік Корея президенті демаркациялық жерде кездесті. Ким Чен Ын шекараны бөліп тұрған сызықтан өтіп, оңтүстік аймаққа аттап басқан алғашқы КХДР президенті болды.

ким чын ен

Диалогтың бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін Ким Чен Ын қарсыластықты тоқтатуға, ал Мун Чжэ Ин  екі ел  арасындағы темір жол қатынасын орнатуға шақырды.

Күннің екінші жартысында тараптар Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту, сонымен қатар бірігу перспективаларын талқылауды жоспарлап отыр.

Өткен аптада Ким Чен Ын КХДР ядролық және зымырандық сынақтарды 21 сәуірден бастап тоқтатты деп мәлімдеді.

Сонымен қатар Пхеньян ядролық қаруды қолданудан бас тартып, ядролық технологияларды басқа мемлекеттерге бермеуге уәде етті.

Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастың жақсаруы Оңтүстік Кореяның Пхенчхандағы Олимпиадаға дайындығы барысында болды. Солтүстік Корея спортшыларының Олимпиада ойындарына қатысуы, сондай-ақ Оңтүстік Кореяға Ким Чен Ынның әпкесі мен Оңтүстік Корея президентінің арнайы өкілдерінің КХДР-ға сапары әсер етті.

Aigerim Taubay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір