• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:20:29
Алматы
+35°

17 Шілде, 2017 Саясат

Оңтүстік Корея КХДР-ға бейбіт келісімді жалғастыру жөнінде ұсыныс жасады

Оңтүстік Корея 21 шілде күні Тхонильгак ғимаратында Солтүстік Кореямен келіссөздерді жүргізуді ұсынды.

Оңтүстік Корея КХДР-ға бейбіт келісімдерді жалғастыру жөнінде ұсыныс тастады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Келіссөздер осы аптада басталуы мүмкін.

«Біз 21 шілде күні Тхонильгак ғимаратында Солтүстік Кореямен келіссөздер жүргізуді ұсынамыз. Мақсатымыз – әскери шиеленісті арттыратын дұшпандық әрекеттерді тоқтату», - деді Оңтүстік Корея қорғаныс министрінің орынбасары Су Чо Сук брифинг барысында.

Айта кетейік, аталмыш келісім мемлекет басшысы Мун Чжэ Инаның Германияда өткен Үлкен жиырмалық саммитінен кейін айтқан ұсынысынан кейін мәлімделді.Оңтүстік Корея БАҚ-тарына сәйкес, Оңтүстік және Солтүстік Кореядағы Қызыл крест ұйымдарының арасындағы байланысты жалғастыру ұсынылды.

Бұдан бұрын таралған ақпараттарға көз жүгіртсек, Солтүстік Кореяның ядролық қаруға арналған плутонийі бұрынғыға қарағанда көбірек. DW порталының мәліметінше, 2016 жылдың қыркүйегі мен 2017 жылдың маусымы арасында КХДР ядролық отынды регенерациялауды кемінде екі рет жүзеге асырған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір