• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:06:39
Алматы
+35°

02 Тамыз, 2017 Әлеумет

Оңай картасы халыққа оңай болмай жатыр

Жол ақысы150 теңге, ал оңай картасы халыққа оңай болмай жатыр.

Елімізде 2015 жылдың 1 қазанынан бастап оңай картасы іске қосылып, жолаушылар 320 теңге тұратын жол жүру картасын сатып алуға тиіс болатын. Халық оңай картасына үйрене алмады. Себебі оңай картасын сатып алғаннан гөрі   қолма-қол төлеген ыңғайлы болды және ақшадан таршылық көріп отырған отбасыларға 320 теңге біраз қаражат екені жасырын емес. Оңай картасы қиыншылық туғызып жатқанда, жығылған үстіне жұдырық болып  жол жүру ақысын 150 теңгеге  қымбаттады. Бұған халық  наразы болды. Тиынды теңгеге жалғап жүрген жұртқа 150 теңге де аз ақша емес. Бір үйден бірнеше адам 150 теңге төлейтін болса, қаншама шығын кетеді.  Есептеп  көрейік, бір адам  жұмысына бару үшін  кем дегенде  екі автобуспен жүреді. Келетіні бар, қайтар жолы бар, сонда 600 теңге ақша кетеді.  Ал  оңай картасымен 80 теңге төлесе 320 теңге жолына кетеді. Жұртшылыққа  қолма-қол 600 теңге  төлегеннен, оңай картасымен 320 теңге төлеген тиімді болады. Ал  оңай картасы күні - бүгінге дейін қиындық туғызып келеді.   Бірақ, халық жүз  елу теңге төлемес үшін оңай картасына ауысқан.

Қоғамдық көлік бақылаушыларының айтуынша, халықтың 80%-ы оңай  картасына ауысқан. «Осы айдың соңына дейін халық жаппай оңай картасына ауысады деуге болады.  Кеше жол жүру ақысы қымбаттағанына наразы болғандар болды, ал бүгін ешқандай дау туындамады. Халық бұл жағдайға да үйрене бастады», - дейді қоғамдық көлік бақылаушылары. Бірақ халықтың арасында жол жүру ақысының қымбаттағаны және  оңай картасының ыңғайсыздығын айтып жатқандар көп.  Солардың бірі Оразхан ағай.

«Маған бұрынғы кездегідей қолма-қол жол ақысын төлеген ыңғайлы. Кіре сала қалтаңнан ақша іздеп, төлегеннен, асықпай отырып, шығатын кезде төлеген өте ыңғайлы. Сол уақыттарда ешқандай ұрыс керіс болмайтын. Жол ақысы қымбаттағаннан бері амалдың жоқтығынан оңай картасына ауыстық. Картаға ауысқаннан бері автобустың ішінде күнде айғай шу. Ал жол ақысын жүз елу теңгеге қымбаттатқанын естігенде төбемізден тастай су құйып жіберген  болды. Ең құрмағанда жүз теңге болғанда, халықтың арасында дау-дамай болмас еді »,- дейді Оразхан ағайымыз.

Иә оңай картасы біраз адамды әуреге салғаны анық. Қала тұрғындары  оңай картасына  уақыт өте үйреніп кетер, бірақ сырттан келетін қонақтар не істемек?  Қалаға 1-2 күнге  келген қонақтар үшін қалай болмақ деген сұрақ тууы мүмкін.

 Бұған «Алматы транспорт холдингінің» қызметкерлері жауап берген болатын. «Алматы қаласына келген қонақтар Бірыңғай көлік картасын таратылу орындарындағы агенттік желілерден алуына болады. Бірыңғай көлік картасын қолданып болғаннан кейін, қала қонақтары көрсетілген шарттарға сәйкес кепілдеме құнын қайтарып ала отырып, картаны кері қайтарып берулеріне болады» деген болатын. Әрине оңай картасын алып,  қолданып болғаннан соң қайтарса еш қиындық тумас еді. Оңай картасын алуға келген адамдардан, қонақтар  кезек күтіп шаршайды. Ал бір-екі күнге келген қонақтар кезек күтіп, уақыт оздырғысы келмейді. Ал ауылдан   келетін қонақтар ақшаларын жиып, теріп келгенде жол ақысының жүз елу теңге  қымбаттағанын естіген адамның басынан жай түскендей болатыны анық.

Сырттан келген қонақтар жол ақысының қымбаттағаны тұрмақ, қала тұрғындарының өзі білмегендері және  жол жүру кезінде  қандай ережелер  бар екенін  білмейтіндер бар. Мысалы: Автобусқа мінген кезде оңай картасын немесе жол ақысын екі аялдаманың арасында басып үлгеруіңіз керек. Басып үлгермесеңіз немесе картаңызда қаражат таусылып қалса 4538 теңге  айыппұл төлейсіз.  Бұл ережені бірі білсе, бірі білмей жатады. Тағы да айтатыны «Оңай» картасына көшкеннен бері  бір айлық жол жүру билетін қолданып келгендер үшін ыңғайсыз болатын. «Алматы транспорт холдингі» бұл мәселені де шешіп қойған. Нақтырақ айтсақ бірыңғай, көлікке арналған айлық жол жүру құны  7200 теңге болса, оқушының көлікпен айлық жол жүру құны  1000 теңге, ал студенттің көлікпен айлық жол жүру құны  3000 теңге. Бұл студенттер мен оқушыларға ыңғайлы болса, қарапайым халыққа ыңғайсыз. Бұрынғы кезде 3000 теңгеге жетер жетпес  билеттің бағасын 7200 теңгеге көтеріп тастады. Бұл қаражатты көпшіліктің қалтасы көтере бермейді.

Қорыта келгенде оңай картасын біреу құптап жатса, кейбіреулер өз шағымдарын айтып жатыр. Оңай картасы дұрыс емес демеймін, дұрыс6 бірақ тиімді - тиімсіз тұстарын жан-жақты сараптағанда қолайсыз жағы басымырақ болып шығады.

 Ақнұр МҰХТАРХАН

Aknur Mukhtarkhan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір