• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:08:25
Алматы
+35°

01 Ақпан, 2019 Айтты-ей, бауырың!

"Өнер үшін жаралған жүректі қаматып тастап қарап отырмыз..."

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева осы іске қатысты әншіге қолдау білдірді

Елімізге танымал әндердің авторы, әнші Гаухар Әлімбекова 30 қаңтарда 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева осы іске қатысты әншіге қолдау білдіріп, өзінің парақшасында Гаухар Әлімбекованы өнер үшін жаралған жанды тұрмеге тоғытқан дұрыс еместігін айтады.

Гаухар Әлімбекованың тағдыры: «Музарт» саған айтам... Төреғали мен Қайрат, сен тыңда!

"Данышпансып ештеңе демей-ақ қояйын..Бірақ ел болып, жұрт болып өнер үшін жаралған жүректі қаматып тастап қарап отырғанымыз сүйегімізге таңба!!! Былтыр Тұңғышбай, биыл Гауxар.. Келесі кім?! Құрбысын да кіналағым келмейді-ақ. Бірақ Алла разылығы үшін кешіріп жібергеніңізде Алланың шексіз нығметіне бөленер едіңіз ғой, қап. Не болды енді?! Бәлкім бір қорқытып та қойғыңыз келген шығар..Гауxардың өзі де бұлай боп кетеді деп ойламаған ау.
Мұқтар Шаxановтың "Әке үкімі" деген өлеңін оқыңыздаршы. Маxамбеттей ақынды өлтірген жауызға өз туған әкесі үкім шығарып тұрып айтқан сөзі бар:
"Ақын деген киелі аққу самғаған
Ал, ендеше аққуды атқан адамды,
Қай атаңнан көріп едің оңбаған?!" Ақша жиналар..Гауxар апамыз бостандыққа шығар.. Бірақ өнер үшін жаралған нәзік жүрек бұл сынақты көтере алар ма екен?! Мынадай әуезді әндер енді ол жүректен шығар ма екен? Заң бәрімізге бірдей.. Бірақ елдің еркелеріне деген құрмет қайда?! Қазақ ән өнеріне сіздей үлес қосқан қыздар аз! Мұзарт "Бір тамшы көздің жасындай" деп ән салғанда үзіліп тыңдаған жанкүйер жұрт қайда?! Қыздың қарғысынан қорқатын қабырғалы қазақ қайда?! Жанашыр ағалар қайда?! Осынша қатыгездікке кім үйретіп жатыр бізді?! Бұл қазақ өнері үшін ең қасіретті күн.. "Бір тамшы көздің жасындай" мөлдіреп кете бардыңыз ау жаным апке.. Жылы төсегімізде жатып жанымыз ауырып жатыр.. Сұп-суық қабырғалардың арасында жаурап жатқан шығарсыз.. Сәл шыдаңыз..! Халықтың ерекше ыстық ықыласын сезіну үшін осы сынақ керек те болған шығар... "Жақсылар жақсымын деп айта алмайды..
Жамандар жақсымын деп айқайлайды..
Күнде көріп жүрген соң қадірі жоқ,
Таулардың биіктігі байқалмайды..
Біздің ел өз жақсысын өзі өлтіріп,
Артынан асын беріп той тойлайды..."  - деп жазады айтыскер ақын.

"Гауһардай асыл қыздарымызды қорғамасақ, адвокаттығыма сын болар..."

Естеріңізге сала кетейік, Гаухар Әлімбековаға қатысты сот отырысы өтіп, сот әншіні 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір