• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:07:46
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2017

Өмірзақ Ақжігіт: «Орда» ән айтады дейтіндердің психикасының дұрыстығына күмәнім бар

Өмірзақ Ақжігіт есімді Facebook әлеуметтік желісін пайдаланушы "Қазақстан" телеарнасында көрсетілетін "Сәлем, Қазақстан"...

Өмірзақ Ақжігіт есімді Facebook әлеуметтік желісін пайдаланушы "Қазақстан" телеарнасында көрсетілетін "Сәлем, Қазақстан" бағдарламасында өнер көрсеткен "Орда" тобына қатысты өз пікірін білдірді. 

""Сәлем, Қазақстанда" не бар десем, "Орда" бар екен. Төртеуі 4 жаққа қарап тұратын еді, үшеуі қалыпты. (Бұрын 5 болған екен). Бар төзімімді бойыма жиып, көріп отырдым. "Ғашық болсаң" мен "Олай еместен" ешқандай айырмашалық көрмедім. Өйткені, мұнда не жоқ - бәрі бар секілді. Қышқыра ма-ау, қыңсылай ма-ау, мияулай ма-ау, шыңғыра ма-ау, шиқылдау ма-ау, бірақ, ол жерде ешқандай ән жоқ! "Ән бар!" дейтін адамның психикасы дұрыстығына күмәнім бар. Секіру, жұлқыну, бұлқыну, көрерменге артын беріп кирелеңдеу, ирелеңдеу, тағы да "бәрі" бар. Ең ақыры су қараңғы соқырлар киетін қара көзілдірік те, "шөпжелке" прическа да бар. Тек өнер жоқ!

Бір уақытта атышулы "91" тобы шықты. Өзбектер "Самарқанда бір апам бар, ол менен де сорақы" деп бекер айтпайды екен, "Ордама" жылап көріскендей болдым. Шыдамымның шегі бір сағатқа жетпей үзілді.

Хабарды жүргізуші жігіт  "15 жыл бойы "Орданың" әндерімен сусындап келемін, жасай бер!" деп жатыр. 15 жыл бойы көктей қаулап кеткен "ордалар" сусындатып келе жатқан ұрпақты ойладым. Көңілім құлазыды. Бір тәулік өзіме өзім келе алмай жүрдім. Тек кеше кеште Шәмшінің киносын көріп, әндерін тыңдап, таза ауаға шыққандай, үстімдегі былғанған киімнен құтылғандай әсерде болдым.

"Кеңес өкіметі құлады, енді өркениеттің бұлағына бас қоямыз деп едік, сөйтсек, канализациясына қосылып кетіппіз ғой" деп Мұхтар ағамыз айтқандай, Шәмші, Әсет, Нұрғиса, т.б. саңлақтардың саф әндерінен сусындап өскен біз шын бақытты екенбіз ғой! Осыны ойлағанда барып, былтыр Жер комиссиясының отырыстарына жастарды шақырып келтіре алмайтынымыздың, жалпы олардың неге осынша саяси бейтараптығының сырын ұққандай болдым. Анау залдағы жастарға мағыналы өлең де, әсем ән де керек емес, оларға қолдарын көкке көтеріп, ырғақпен теңселіп тұру ғана керек. Олар біздің ұрпақ секілді өз қатары, өз замандастарының бір де бір әнін қосылып айта алмайды да! Жоқ болса нені айтсын... "Потерянное поколение" деген осы. Олар сенің жеріңді қайтсін, ұлтыңның төбесіне төнген қауіп-қатерді, еліңнің болашағын қайтсін...

Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын, тек өз пікірімді, мазалаған ойымды айттым".

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір