• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:11:07
Алматы
+35°

06 Маусым, 2017 Әдебиет

Өмір деген осынау...

Өмір деген ұлы сапар осынау,

Өмір деген ұлы сапар осынау,
Қыйындықтар кезіксе де жасымау...
Өмір деген қарап жүрмей досымау,
Жұмыс жасау жан ұяңды асырау...
Өмір деген міне солай жан бағу,
Әр қызыққа тамсану да таң қалу...
Өмір деген өкініш пен қуаныш,
Өмір деген алдау және алдану...
Өмір деген өз өзіңді басқару, 
Басқара алмай кейде шалқып мастану...
Өмір деген баю тою шірену,
Өмір деген тиын санап аш қалу...
Өмір деген жалындыру жалыну,
Өмір деген сырқаттан сауығу...
Өмір деген күнә жасап артынан,
Тәубаға кеп зандылыққа бағыну...
Өмір деген жыл қарсалып жас қосу,
Танымайтын біреулер мен достасу...
Өмір деген бір адамды қарсы алып,
Бір адаммен мәңгілікке қоштасу...
Өмір деген мақтау да даттау да,
Жан досыңа бар сырыңды ақтару...
Өмір деген күн артынан күн өту,
Бірде жылап енді бірде шаттану...
Өмір деген азу тозу семіру,
Жастық өтіп қарттыққа да жеңілу...
Өмір деген сағыну хам ұмыту,
Өмір деген ғашық болу жеріну...
Өмір деген арғы жақты сөз қылу,
Өз өзіңе риза болу жазғыру...
Туған күнді тойлап жүріп бір күні,
Өмір деген аңдаусызда көз жұму... 

Авторы: Сатаркул Дәурен

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір