• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Мамыр, 02:23:43
Алматы
+35°

03 Ақпан, 2017 Саясат

Олжас Сүлейменов Назарбаевтан кейінгі «мұрагердің» атын атады

Ақын Олжас Сүлейменов Қазақстан мен әлемедегі соңғы жаңалықтар туралы

Ақын Олжас Сүлейменов Қазақстан мен әлемедегі соңғы жаңалықтар туралы express-k.kz газетіне өз пікірін білдірді.

 Олжас Омарұлы, көптеген белгілі адамдар реформа мен Ел басы Нұрсұлтан Назарбаевтың парламент пен үкіметке жаңа уәкілеттілік беру туралы ұсынысына қатысты өз пікірін білдіріп жатыр. Сіздің де ойыңызды білгіміз келеді...

Президент бұл шешімге келмес бұрын оны он рет ой елегінен өткізді. Біздің осы күнге дейін жүрген жолымыз осы реформамен аяқталуы керек еді. Әрине, бұл оңай шешім емес.

ХХІ ғасырдың шындығы сол – бұл ғасырда тоталитарлық мемлектеттерге орын жоқ. Олар ұзақ өмір сүрмейді. Бұл жүйе жұртты жарылқамайды…

Ендігі мәселе Назарбаев айтқан дүниенің іс жүзінде іске асуында жатыр. Міне, сол кезде «мұрагер» туралы әңгімелер де сап тыйылады.

Егер бұл реформа іс жүзінде нәтижесін берсе, халық Назарбаевтың орнына басқа-басқа емес Парламенттің келетінін түсінеді. Үкімет пен Парламент Мемлекет басшысының «мұрагері» болмақ. Жаңа президент те осы екі органның айтқанына бағынатын, пікіріне құлақ түретін болады.Әрине, бұған дейін әлі біраз бар. Бірақ, бұл күн бәрібір келеді. Президент ұсынған реформаның мақсат осы.

«Экспресс К» газетіне берген сұхбатыңызда әлем соғысқа толы деген едіңіз. Қазір болашақты қалай болжайсыз? Жаңа сайланған президент Дональд Трамптың жетекші елдердің арасындағы жағдайды жақсарта ма? Тыныш өмір сүреміз бе?

Трамп Ресейге «ядролық қарудың арсеналын азайтайық, бір-біріміздің пікірімізді тыңдайық» деп отыр. АҚШ-тың НАТО-дағы әскери әрі қаржылық қатысуын азайту қажеттігін де, егер санкциялар Америка экономикасына кесірін тигізсе, одан бас тарту керектігін де айтқан осы Трамп. Күні кеше «өндіріс Американың өз жерінде шоғырлануы тиіс, Оңстүстік Шығыс-Азиядағы өндіріс орындарын елге оралтып, өз азаматтарымызды жұмыспен қамтуға тиіспіз», деді ол.

Анығында, Трамп осының арқасында жеңіске жетті. Оны Америка ғана емес, Ресей де қолдады. Кремль тағы да дүниежүзілік соғыстың болғанын қаламайды.

Егер Трамп сайлауалды бағдарламасында айтқан сөзінде тұрса, ендеше алдағы төрт жылда әлемде тыныштық орнайды деген сөз.

Жақында сіз «Кез-келген елді тұрақтылықпен қаматамасыз ету үшін, экономикалық даму жеткіліксіз. Ең басты байлықты жоғалтпау қажет. Яғни шығармашылық қалыпты» деген едіңіз. Мұнда кітап маңызды рол атқарады» деген едіңіз.

Кітап оқу мәдениеті ақырына жетті ме? Кітаптың тағдыры не болмақ? Маған осы сауалды көп қояды. Мен де жауап беруден жалықпаймын. Ұлы орыс әдебиеті осы бір қиын кезеңнен аман-есен өтеді. Ол өз оқырманын қайтарып алады.

Ал жазба әдебиет ретінде ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қана қалыптасқан жас қазақ әдебиетіне оқырманынан айырылу сонау фольклор дәуіріне қайта оралумен бірдей. Жазбаша әдебиетсіз қазақ тілін шын мәніндегі мемлекеттік тілге, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру мүмкін емес.

Өткен жылы Қазастанда сіздің қатысуыңызбен «Байтақ болашақ» атты Экологиялық альянс құрылды. Бұл қоғамдық бірлестік қандай мәселелерді көтереді және оны қалай шешеді?

«Невада-Семей» КСРО мен Қазақстандағы алғашқы экологиялық қозғалыс болды. Біз ядролық ластанумен күресе бастадық. «Таза ауа, таза жер, таза су, таза ел!» ұранын Экологиялық альянсқа тарту етпекпіз. Мен аталмыш альянстың құрметті президентімін.  Жақынды біздің екі тілде «Таза ел» атты газетіміз жарық көреді. Оның редакторы ретінде журналист, тарихшы, философ Сейдахмет Құттықадамды шақырдық.

Істеріңізге сәттілік тілейміз!

Рақмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір