• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:41:59
+35°

28 Тамыз, 2018 NEWS

"Өлсін" деп ер адамды жолда тастап кеткен жүргізуші ұсталды

Полицияның мәліметіне сәйкес, жүргізуші былтыр көлікті мас күйінде айдағаны үшін ұсталған.

Алматы қалалық ІІД қызметкерлері ер адамды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісін тапты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1994 жылғы Г. есімді азамат 1963 жылғы ер адамды қағып кеткен. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Лексус 330 жүргізушісі ер адамға көмектеспей, қашып кеткен. Бейне бақылау камералары тексерілгеннен кейін қаққан көлік анықталды. Одан кейін жүргізушінің кім екені белгілі болды. Ол Алматы облысының тұрғыны. Жүргізуші ұсталды. Оның көлігі қылмыстық іске кірістірілді», - дейді Алматы қалалық ІІД-нің іздестіру бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков.

Полицияның мәліметіне сәйкес, жүргізуші былтыр көлікті мас күйінде айдағаны үшін ұсталған.

«Қазір сотқа дейінгі тексеру жұмыстары екі қылмыс бойынша қаралып жатыр. Ер адамды оқиға орнында қалдырып кету де қылмыстық жауапкершілікті талап етеді. Қазір ұсталған жүргізуші түсініктеме беріп жатыр» дейді подполковник Насырбеков.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір