• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 15:21:51
Алматы
+35°

25 Наурыз, 2017 Әлеумет

Өлім аузында жатқан 7 жастағы баланың соңғы тілегі жұрттың жүрегін елжіретті

Филипп Квашнию есімді бала өмірдің қатыгездігін 7 жасқа толмай жатып сезінді. Біріншіден, ол анасынан айырылып жартылай жетім қалды. Көп уақыт өтпей өмір...

Филипп Квашнию есімді бала өмірдің қатыгездігін 7 жасқа толмай жатып сезінді. Біріншіден, ол анасынан айырылып жартылай жетім қалды. Көп уақыт өтпей өмір баланы тағы сынға алды. Филипп шипасы жоқ ауыр дертке шалдықты.

Өзі Польшада дүниеге келгенімен, бүгінгі күні ем алу үшін әкесімен Ұлыбританияда тұрып жатыр.  

Осыдан 6 жыл бұрын Филипптің анасы қатерлі ісіктен көз жұмды. Енді, ауыр дертке баласы шалдықты. Филипп химиотерапиядан өтіп жүр, осыған дейін бірнеше мәрте ота жасалған. Алайда, бір де біреуі оң нәтиже бере қоймаған. Дәрігерлер де үмітін үзді. Олардың ендігі қолынан келетіні баланың ауруын сәл болса да жеңілдету.

 Филипптің денесінде жанын қинайтын сұйықтық пайда болды. Өзінің аман қалмасын білген 7 жастағы періште соңғы тілегін айтты. Бала жүрек қайтыс болған соң өзін анасының жанына жерлегенін қалайды екен. Бұны білген Фейсбук қолданушылары баланың Польшаға ауысуы үшін бар жағдайды қарастырып жүр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір